Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Асхат Садырбай: Жұлдыздар той әндеріне әбден үйретіп тастағандықтан ел 91 тобын қабылдай алмайды

Асхат Садырбай Ninety one тобын жаңа бейнебаяндарымен құттықтап, тағы да бір рет аталмыш топқа қатысты өз пікірін білдірді. Танымал тележүргізуші топтың ел арасында резонанс тудырғанын айтып, 91-дің тәуелсіз Қазақстан музыкасы тарихында қалатынын алға тартты. Сондай-ақ, қазақ қоғамының той әндеріне үйреніп алғаны соншалықты, жаңаша, заманауи музыканы қабылдай алмай жатқандығын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.

91туралы

«Мен музыка немесе өнер сыншысы емеспін. Сыншылар алдағы уақытта өз ойларын айта жатар. Олардың айтары менің пікіріммен сәйкес келмеуі де мүмкін. Мен 91 тобына тағы бір рет шолу жасап көрмекпін.

Меніңше Ninety one тәуелсіз Қазақстанның эстрада, музыка тариxына кіреді. Мен оларды жәй ғана топ емес, біздің музыкадағы бір құбылыс дер едім (артық кетуім де, жаңылысуым да мүмкін, бірақ сонда да). Болашақта олар туралы оқытушылар студенттерге сабақ айтып, дәрістерде талқылайтын болса таңқалмаймын.

Байқасаңыздар қазір оларды жастар да үлкендер де біледі. Шүйіркелесе қалса міндетті түрде талқылайды. Қанша ай өтсе де әлі өзекті, қызық, ерекше. Топ резонанс тудырды. Шыққандарына 1-ақ жыл болса да көп ретте кәсіби емес сынға, дөрекілік пен мәдениетсіз айыптауларға іліге берді. Қайтеміз, біздің эстрада орындаушылары тыңдарманды бір сарынды стильдегі көше, әуесқой, той әндеріне әбден үйретіп тастады. Жаңа, сапалы, заманауи тың дүниелер шыға қоймады. Отандық музыка индустриясында неше жылдан бері мұндай революция болмап еді. Көпшіліктің үрке, шоши қарауы да сол себепті. Олар жайлы айтылатын сындарға қарап отырсам (шамамен) 98.9%-ы эмоциялар мен құр айқай. Мен де ұлтымды сүйемін, мен де ұлт болашағына алаңдаймын. Бірақ субьективті пікір мен негізсіз, дәйексіз сынға, негативке қарсымын. Қазір біз киіз үйде тұрмаймыз, атпен жүрмейміз, қазір ХХІ ғасыр, бәріміз заман талабына сай өмір сүрудеміз, демек кез-келген мәселені өркениетті елдің азаматы ретінде мәдениетті сөйлесіп шешуге болатынын ұмытпайық”, – деп жазды Садырбай желідегі парақшасында.

Тележүргізуші топ жігіттерін өмірде танымайтынын, тіпті, аттарын да білмейтінін, сол сияқты ешкімге жарнама немесе PR жасап жатпағанын тілге тиек етті. Одан бөлек, жуырда ғана жарыққа шыққан “Қалай қарайсың?” бейнебаянының сапасын жоғары бағалап, топ мүшелерін құттықтады.

“Қалай қарайсың” деп аталатын клипін тамашаладым. Жігіттер тағы да мені мойындатты. Музыка, аранжировка, сапа, xареография өте жақсы”, – деп түйіндеді сөзін Садырбай.

Жіберіп алмаңыз:

Тележүргізуші Асхат Садырбай: Телеарнаның еденін жуған кездерім болған

Ninety one тобы: Бізді құбыжық көрудің қажеті жоқ

Салтанат Қалиева: Балаларым «тамақ» деп жылағанда не дерімді білмеген күндер көп болды

Ерке Есмахан «Баян Есентаева өзінен кеткен қыздардың жолын бөгеп тастайды» дегендерге жауап берді

Талқылау