Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Асхат Садырбай: Қыдырәлі ағаның бұлай айтуы мүмкін емес

Танымал журналист Асхат Садырбай Қыдырәлі Болмановтың елді шулатқан оқиғасына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, елдің басына күн туғанда Болмановтың жұбайымен ақылдаса отырып, елдің назарын басқа жаққа аудару үшін тоқал алу мәселесін әдейілеп көтеруі мүмкін емес. Журналистің болжамынша, Болмановтан сұхбат алған БАҚ өкілдері оның сөздерін бұрмалап жіберген болуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz.

болманов садырбай

«Айтайын. Біз өтірікке тойғанбыз. Билікте жүрген біраз ел ағаларына сол қасиеттері үшін де сенуден де қалғанбыз. Бұл ақпаратты мен өтірік деп қабылдасам ба, әлде рас дегенім дұрыс па, білмей отырмын.

Жер мәселесі әр қазақты тебірентті, толғантты. Жұрт митингті емес жердің шетелдіктерге жалға берілмеуін қалады. Халық ақымақ, санасыз емес. Өз ойларын әлеуметтік желілерде жазды. Үміт артты. Ал, мына мақала… Қыдырәлі ағаның бұлай айтуы мүмкін емес. Мүмкін тілшілер ойын бұрмалап жіберген шығар.

Мен ол кісіге қазір 100 рет телефон соғып түсе алмай отырмын. Мына әңгіме күлкілі дейін десем күлетін нәрсе емес. Жер мәселесі қызу талқыланып жатқанда біраз өнер адамдарын “не істеген дұрыс?” деген сұрақ мазалағаны анық. Билік xалықтың үнін естісе, xалық алаңға шығып кетпесе деген тілек болды бәрімізде. Себебі бізге жер қымбат, ал, бейбітшілік одан да қымбат. Нәтижесінде елбасының бірауыз сөзімен бұл мәселеге нүкте қойылып, тақырып жабылған еді. Ал, ел үшін маңызды жағдай боп жатқанда Қыдырәлі ағаның тоқал туралы әңгімесі кімге керек еді? Ешкімге», – деп жазды Садырбай.

Естеріңізде болса, танымал продюсер Қыдырәлі Болманов тоқал алу мәселесі туралы жұбайы Қарақат Әбілдинаға әдейілеп айтқызғанын мәлімдеді. Продюсер осылайша жер дауы көтеріліп жатқан кезде елдің назарын өзіне аударып, көтерілістің алдын алмақ болған.

Жіберіп алмаңыз:

 Бейбіт Қорған көзі тірі кезінде анасын ренжіткеніне өкініп жүр (видео)

Шаһизада: Бірінші күйеуім ұрып жатқанда, Алладан басқа өмір сұрадым

Танымал сықақшы Көпен Әмірбек 65 жасқа келгенде ұлды болды

Ақбота Сейтмағамбет «үш балалы отбасын бұзды» дегендерге жауап берді

Талқылау