Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Асхат Садырбай: Әлемдегі ең әдемі қыздар – қазақ қыздары, оны бәрі мойындап қойған

Белгілі журналист, тележүргізуші Асхат Садырбай еліміздегі сұлулық байқауларын сынап тастады. Журналистің сөзінше, әлемдегі ең әдемі қыздар қазақтың қыздары және мұны бәрі мойындап қойған, деп хабарлайды Stan.kz.

Асхат Садырбай

Беглілі журналист Асхат Садырбай қыздардың сұлулығын сынға салатын сұлулық байқауларының өткізілуін тоқтатуды сұрады. Сұлулық байқауы туралы өз пікірін айтқан журналист, байқауға қатысушы арулардан бұрын, ұйымдастырушыларды сын астына алды.

«Қыздардың бетінің әдемілігіне арналған сайыстарды өткізіп болсақ енді олардың ақылын, имандылығын, ибалылығын, тәрбиесін, көргені мен түйгенін, ілім-білімін жарыстыратын уақыт жеткен жоқ па? Жыл сайын сұлуларды жылтыратып саxнаға тізіп қоямыз, одан біреуі жеңеді, біреуі жеңіледі. Ол пенделерге кітап туралы сұрақ қойып әбден тентек қылады. Одан қалса түрлі бағдарламаларға шақырып алып мазақ етеді. Сонда бұл не? Кім үшін, не үшін жасалып жатқан нәрсе? Өзіміздің жастарды құртып жатқан өзіміз емес пе? Ол жастардың оқуға ынтасын ашып, қызықтырудың орнына ел алдына шығарып масқара қылу, одан шоу жасап, рейтинг жинау жетістік пе? Қыз деген қасиетті ұғымды, оның өмірдегі орны мен рөлін насиxаттаудың орнына, алып кеп арзан жылтырақ пен болашағы бұлыңғыр танымалдылыққа несіне қызықтыра береміз? Бұл түрімізбен ілгерілеп дамимыз ба әлде кері кетеміз бе?» – деп жазды Асхат Садырбай Instagram-парақшасында.

Сонымен қатар, журналистің пікірінше, әлемдегі ең әдемі қыздар – қазақ қыздары. Және оны барлығы мойындап қойғанын алға тартты.

«Әлемдегі ең әдемі қыздар қазақтың қыздары. Нүкте. Оны бәрі мойындап қойған. Жыл сайын олардың сұлулығын сайыстыра берудің пайдасынан зияны көп. Сайыстыруды доғарайық. Енді әлемдегі ең ақылды әрі өнертапқыш, білімді жастар қазақтың жастары деген атаққа ие бола берейікші», – деп жазды Асхат Садырбай.

Оқи отырыңыз:

Сот төрағасына ескерту: Алагөзова сот жүйесі туралы бар шындықты жайып салатынын айтып қорқытты

Нұржан Керменбаев: Той әндері арқылы тезірек елдің батасын аламыз деген ойдамыз

Мәдина Сәдуақасова Ақтөбедегі лифтіде көз жұмған тележүргізушіні еске алды

Ерболат Құдайберген: Халыққа ұнау қиынырақ болып кетті

Талқылау