Әскери ұшақ тұрғын үйдің үстіне құлаған (видео)

Әскери ұшақ тұрғын үйдің үстіне құлаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Dunya News арнасына сілтеме жасап.

Әскери ұшақ тұрғын үйдің үстіне құлағанПәкістанның Равалпинди қаласында тұрғын үйлерге әскери ұшақтың құлап бара жатқан бейнежазбасы желіде тез тараған. Оқиғаның куәгерлері түсірге видеолар мен қатар, бұл жағдай бейнекамераларға да түсіп қалған. 

Қазіргі таңда 18 адам қайтыс болған. Бұл сандар алдағы уақытта да өсуі мүмкін. Өткені үйінділердің астында қалған адамдар бар. Зардап шеккен 16 адам тіркелген. Осы уақытқа дейін 17 адам қайтыс болып, 12 адам зардап шекті деген де ақпарат тараған болатын. 

Әскери ұшақ 30 шілде күні тұрғын үйлердің үстіне құлаған. Оқиға орнында жарылыс болып, артынша өрт басталған. Нәтижесінде үш үй жарылып, көптеген ғимараттарды өрт шалған. Оқиға болған уақытта ұшақ жаттығу жұмыстарын жасап жатқан. Оның құлауына не себеп болғаны белгісіз. 

Алдын ала болжамдар бойынша Beechcraft King Air 350 ұшағы барлау радарларымен жабдықталып, 2019 жылдың ақпан-наурыз айларында Кашмир мен Үндістаннның қақтығысы өршуі кезінде Сиалкот қаласының аумағында белсенді қолданылған. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр