Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әскери қызметші қонаққа барып, екі отбасын қауіпті қылмыскерден құтқарып қалды

Жаңа жылдың алғашқы күнінде Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшісі подполковник Зәкір Қарашев бұдан бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған азаматты қарусыздандырып, полиция қызметкерлеріне тапсырды.

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Әскери қызметшінің айтуы бойынша ол қыз баланың дүниеге келуіне байланысты досының үйіне отбасымен бірге қонаққа шақырылған. Мерекенің нағыз қызған кезінде есікке қоңырау соғылып, пәтер қожайыны есікті ашып, баспалдақ алаңына шыққан-ды. Көп ұзамай шудың даусы естіліп, подполковник Қарашев досының артынан шыққан. Оған кезелген жауынгерлік тапаншаны байқаған офицер бейтаныс ер адамның қолынан қаруды қағып түсірген.

Алайда ойламаған жерден қылмыскер қалтасынан граната шығарған-ды. Әскери қызметші оны қолымен қысып, қоян-қолтық ұрыс айла-тәсілін қолданып, шабуыл жасаған адамның қолынан суық қаруды жұлып алды. Ер адам өзін агрессивті түрде ұстады. Оны полиция қызметкерлері келгенге дейін байлап тастауға тура келді.

Кейіннен Алмалы АІІБ-де ұсталған адамда тапанша мен гранатадан басқа газ баллоны, бүктемелі пышақ және 200 доллар сомасында қолдан жасалған ақша болғаны анықталды. Бұдан бұрын ол ұрлық пен бұзақылық үшін ұсталған.

Тінту барысында қолға түскен адам есіктен жаңылысқаны айқындалды.

«Әрине, менің бойымды үрей биледі, бірақ, өзім үшін қорыққан жоқпын. Мен отбасыларымыз үшін алаңдадым. Пәтерде әйелдеріміз бен бала-шағамыз қалды. Егер де біз шақырылмаған қонақты қарусыздандырмағанда, оларға үлкен қауіп төнер еді», – дейді подполковник Зәкір Қарашев.

Бұл десантшы әскери қызметшілер арасындағы алғашқы батыл әрекет емес. Естеріңізге сала кетсек, былтырғы жылы ефрейтор Данияр Ешайдаров өзінің өміріне қауіп төндіре отырып, автокөліктің дөңгелегінің астынан тас жолда екі жасар баланы құтқарып қалған болатын. Ал кіші сержант Ғалымжан Әлиуханов өрт шалған пәтердің ішінен екі баланы аман-есен алып қалды.

Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Жіберіп алмаңыз:

Байзақованы киноға түсірген Азамат Сатыбалды оның арсыздығына қатысты пікір білдірді

Малайзияда 3000 оқушының ішінде қазақ қызы математикадан бірінші орын алды

Педофилдерге егілетін екпенің пайдасына күмән келтіретіндер көбейді

ШҚО-да Абайдың қара сөздері жазылған саябақ ашылды

Талқылау