Әскери қызметкерлердің несиелерін кейінге қалдыру: Нені білу қажет
Фото: gov.kz
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметкерлер үшін төлем мерзімін кейінге қалдыру қалай жүзеге асырылатынын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Шақырылушы банкке несие бойынша кейінге қалдыру туралы өтінішті өзі бермейді. Шақыру туралы деректерді қорғаныс министрлігі кредиттік бюроға, содан кейін банктер мен микроқаржы ұйымдарына жібереді. Банктер мен микроқаржы ұйымдары хабарламаны алған сәттен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде төлем мерзімін кейінге қалдыруды ресімдеуге міндетті.
Депутат Қазақстанда үйлену тойын өткізу үшін несие беруге тыйым салуды ұсынды
Кейбір қазақстандықтардың несие алуы қиындай түспек
"Ақпараттандыру жазбаша және/немесе онлайн режимінде жеке қатысу қажеттілігінсіз немесе қосымша келісімдерге қол қоюсыз жүзеге асырылады.Шара негізгі борыш пен есептелетін сыйақыға қолданылады. Сондай-ақ, кейінге қалдыру кезеңінде айыппұлдар, өсімпұлдар есептеуге және өндіріп алу шараларын қолдануға тыйым салынады”, – деп мәлімдеді агенттік.
Әскери бөлімнің тізімінен мерзімінен бұрын шығарылған жағдайда төлем мерзімін кейінге қалдыру тағы 60 күнге сақталады.
Төлем мерзімін кейінге қалдырудан бас тартуға да болады.
“Қарыз алушы күнтізбелік 14 күн ішінде жазбаша өтініш жолдауға құқылы, мұндай жағдайда кредитор кейінге қалдыруды қолдануды жояды. Егер кредит бойынша сот шешімі шығарылса, татуласу келісімі жасалса немесе атқарушылық жазба ресімделсе, төлем мерзімі кейінге қалдырылмайды”, – деп мәлімдеді агенттік.
Төлем мерзімі автоматты түрде кейінгі қалдырылмаған жағдайда, әскери қызметкер қаржы ұйымына жазбаша өтініш жібере алады немесе қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жүгіне алады.

"Аяқ-қолым мен маңдайымды кесіп кетті": Алматыдағы қонақүйлерде қыз шомылып жатқанда кабина әйнегі сынып кеткен
