Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әскери бөлімнен қару ұрлаған сарбаздың ісі: 29 автомат пен 28 тапанша тәркіленді

Әскери бөлімнен қару ұрланған кіші сержант Балғынбайдың тағы бір сыбайласы қолға түсіп, 29 автомат пен 28 тапанша тәркіленді , деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

қару

Ер адам Шымкент қалалық полициясынан танысының үйінде жасырынып жүрген. Одан әскери бөлімнен ұрланған екі “Макаров” тапаншасы мен травматикалық тапанша тәркіленді.

"Бұрын ведомствоаралық топ қызметкерлері сержанттан атыс қаруын сатып алған әскери қызметшінің тағы үш досын ұстады. Қылмыс жасағаннан кейін барлық күдіктілер бөлініп, полициядан жасырынып жүрген. Сондықтан ұстау бірнеше аймақта: Алматы, Шымкент және Түркістан облыстарында жүргізілді", - делінген ресми хабарламада.

Ұрланған барлық қарудың барлығы тәркіленіпті. Олар: 29 “Калашников” автоматы және 28 “Макаров” тапаншасы, травматикалық тапанша және 2 дана пышақ. ҰҚҚ бүгінгі таңда қаруды қылмыстық мақсатта пайдалану қаупі жоқ деп сеніммен айтуға болатынын жеткізді.

Осы қылмыстық істер бойынша күдіктілер ретінде жалпы алғанда 8 адам жауапкершілікке тартылады: төрт әскери қызметкер, оның ішінде дивизион командирі, қару ұрлаған сарбаздың тағы төрт сыбайластары. 

ІІМ Тергеу департаментінің әскери-тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда.

 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 531-ге жетті

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 6 адам тiркелдi

Онлайн жерлеу рәсімі: Коронавирустан көз жұмған жеткіншектің жақындары оны ақтық сапарға шығарып сала алмады

Марқұмның анасы карантинге жабылғандықтан жеткіншекті жерлеу рәсіміне қатыстырылмапты

Алматыда коронавирусқа байланысты инфекциялық аурухананың құрылысы басталды

Бой көтеретін емхана нысаны 280 орынға арналған

Карантиннен қашпақшы болған Ақтау тұрғыны үшінші қабаттан секіріп, омыртқасын сындырды

Қазір карантинге жабылғысы келмеген азамат ауруханада жатыр

Коронавирус жұқтырғаны қаза болғаннан кейін анықталған: Ақмола облысында қаза тапқан науқас 73 жаста болған

Көз жұмған адам - 1947 жылғы Целиноград ауданының тұрғыны

Асқар Жұмғалиев 42500 теңгелік жәрдемақыны тағайындау барысында туындаған ақаулар жайлы пікір білдірді

Қазақстанда төтенше жағдай кезінде миллионнан астам адамға электронды қызмет көрсетіліпті

СҚО-да коронавирусқа шалдыққан баладан жеті адам індет жұқтырған

4  сәуір күні СҚО-да коронавирусқа шалдыққан 25 науқас тіркеуде тұр екен

Нұр-Сұлтанда бір адам коронавирустан жазылды

Қазақстанда коронавирустан бесінші адам көз жұмды

Ауру жұқтырғандардың саны 525 болды

Екі рет ракты жеңген қария коронавирустан көз жұмды

79 жастағы қарт жасына қарамастан өте ширақ әрі белсенді болған
Çàãðóçêà...