Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әскерден келген жігіт күдіктелуде: БҚО-да 4 және 5 жастағы екі жас қыз зорланды

Зардап шеккендердің жасы - 4 және 5 жас. Қазір олар ауруханада. Қылмыс жасады деген күдікпен сол маңда тұратын жас жігіт ұсталды.

Әскерден келген жігіт күдіктелуде: БҚО-да 4 және 5 жастағы екі жас қыз зорланды

Күдікті БҚО-ның Новая Жизнь ауылында ұсталды (бұрынғы Шаған совхозы). Бұл туралы кеше, 7 тамызда, қыздардың бірі полицияда жұмыс істейтін әкесіне айтқаннан кейін белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Уральская неделяға сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл жайлы жергілікті тұрғын да айтып берді. Ол есімін жасырып қалуды жөн көрді. Оның айтуынша, екі қыздың бірі қалада тұрады, бірақ қылмыс жасаған кезде ол ауылдағы туыстарына қонаққа барған.

Теректі полиция бөлімі күдіктінің қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторында екенін растады.

«Ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес қамауға алынды және сот алдын-алу шарасын таңдағанға дейін оны сонда ұстайды», - дейді кезекші полиция қызметкерлері.

Ұсталған азаматтың жақында әскерден оралып, әскерге дейін төбелеске қатысқаны үшін полицияға бірнеше рет жеткізілгені белгілі болды.

Күдікті тергеу басталғанға дейін уақытша ұстау изоляторына қамалды.

9 тамызда сот күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы туралы шешім қабылдауы керек.

Талқылау