Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Асқазаны ауырып ауруханаға түскен: Ағасынан жүкті болған 12 жастағы қыз сәбиін өмірге әкелді

Асқазаны ауырып ауруханаға түскен 12 жасар қыз көп ұзамай дүниеге сәби әкелді. Кейінірек баланың әкесі қыздың өз ағасы екені белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарт агенттігі.

Әкесі белгісіз: Жамбыл облысында оқушы қыз қатарластары зорлап кеткен соң бала босанды

Оқиға Уэльсте болды. Суонси корольдік соты қызды 14 жастағы ағасы зорлағанын айтты. Ол кезде қыздың жасы небәрі 11 жаста болғанын, ата-анасы балаларын қадағаламағанын және жұмыссыз екенін хабарлады.

Жас ана оқиғадан кейін үйіне қайтқысы келмейтінін, тек өз жасындағы қыз секілді қалыпты өмір сүруді армандайтынын және баласының жақсы өмір сүргенін қалайтынын мойындады.

Адвокаттың айтуынша, ата-ана отбасында "құпиялылық пен өтірік" мәдениетін қалыптастырған, соның салдарынан осы оқиға орын алған. Ол соттан айыпталушыға бас бостандығынан айыруға қатысы жоқ үкім шығаруды сұрады. Жас жігітті қамауда ұстаудың "ешқандай пайда әкелмейтінін, бірақ оған қымбатқа түсетінін" атап өтті.

Жасөспірім психологиялық жағдайын бақылау үшін екі жыл бойы маманға баруға міндеттелді. Ол да 30 ай мерзімге жыныстық құқық бұзушы ретінде есепке алынған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр