"Асқар тауымнан айырылдым": Анна Данченко отбасындағы қаралы хабарды жеткізді
Танымал тележүргізуші Анна Данченко отбасындағы қаралы хабарды жеткізді. Ол әкесінің қайтыс болғанын хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Әкемізбен ертең қоштасамыз. Алматыға жаныма көшіріп алып келем дегенде асқар тауымнан айырылдым", – деп бөлісті Данченко.
Айтуынша, әкесі ұзақ уақыт бойы ауырып, қиналған.
"Әкем тыныш қана, ұйықтап жатып кетіп қалды. Далаға небәрі 5 минутқа шығып кетіп едім.
Айсәуле Бақытбек әкесі жайлы сұрағандарды "мамбет" деп атады
Ол ұзақ уақыт бойы ауырды, қиналды. Бірақ әркез мен үшін уайымдап, жұмыстан күтіп отыратын. Жаны ауырса да, күлімсірейтін. Менің жаным одан жүз есе ауырды, бірақ өзіне ешқашан білдірген емеспін. Қазір жаның тынышталды деп сенемін. Тыныш ұйықта, әке", – деп жазды тележүргізуші.
Анна Данченко мен оның отбасына қайғырып көңіл айтамыз.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн