Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Асқар Сүлейменовтің анасының аты": Қымбат Досжан немересіне ерекше есім қойды

Танымал медиа маманы, журналист Қымбат Досжан немересіне қандай есім қойғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/kymbatdoszhan/

Медиа маманы жақында немерелі болғанын сүйіншілеген еді. 

“Айтотым деп атадым немеремді! Айтоты – қазақтың мықты, арда азаматы, жазушы, драматург Асқар Сүлейменовтің анасының аты. Азан шақырып қойған есімі Қымбат екен анамыздың. Апамыздың ақылы мен көркіне, сұлулығына тәнті болған ел-жұрты Айтоты деп атап кеткен", – деп жазды тележурналист. 



БАҚ өкілі Асқар Сүлейменовпен алғаш кездесуін есіне алып, немересіне ол кісінің анасының атын беруді неге шешкенін айтты.

"Осындай мықты анадан туған Асқар Сүлейменов ағамызды мен ең алғаш "Жетінші палата" спектаклін тапсыру кезінде көріп, әсіресе құсмұрынды келбетіне таңғалған едім. Жазушы ағамыздың сол спектакльдің тапсырылу кезінде айтқан сөздерін бүкіл театр артистері, Жүргенов театр өнері студенттері ұйып тыңдаған едік. Ой иірімдері тура бір ғарыш секілді еді. Қарагөз сіңлімді құлағдар етіп, әжесінің есімін немереме қойғанымды айтып қуанттым. Немере қатары көбейе берсін, Балайым Айтотым атты сіңлілі болды", – деп жазды Қымбат Досжан. 

Еске салайық, Қымбат Досжан шетелдіктердің қазақ балаларына не себепті әуес екенін айтқан еді. 

Талқылау