Асқар Амрин Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары қызметінен кетті
Асқар Амрин Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары қызметінен кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. Ол қала әкімінің орынбасары болу қызметінің мансап жолындағы маңызды кезең болғанын айтты
“Бүгін – менің Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары ретіндегі соңғы жұмыс күнім. 5 жыл 4 ай – аз уақыт емес, бұл менің өмірім мен мансабымдағы маңызды кезең. Бірінші кезекте елорда тұрғындарына және қызмет бабымен азаматтарды қабылдауда, қаланы аралауларда, халықтың арасында, "Жанұя" орталығында, объектілерде бірге жұмыс жасаған, тілдескен, мәселелерді шешіскен барша жанға алғысымды айтамын. Бұл – баға жетпес өмірлік тәжірибе”, – деп жазды ол.
Амрин өзінің экономика және құқық қорғау органдары мәселелеріне, сонымен қатар үлестік құрылыстың проблемалы объектілерінің қаржыландырылуын қамтамасыз ету мәселелеріне жетекшілік еткенін айтып, өзінің бірқатар жұмыстар атқарғанын жеткізді.
“Проблемалы объект үлескерлеріне айтпағым: біз сіздермен бірге үлкен жұмыс атқардық: объектілердің көпшілігі тапсырылды, үлескерлер өз кілеттерін алды, белгілі бір уақытты қажет ететін құжаттарды рәсімдеу істері ғана қалып отыр. ЕҚК әрі қарай да проблемалы объектілерді аяқтау бойынша өз жұмысын жалғастырады және және сіздер де көптен күткен үйлеріңізге қол жеткізесіздер”, – дейді Амрин.
Сонымен қатар, ол өзімен бірге істес болғандардың барлығына алғысын айтты.
“Ә.Ө. Исекешев, Б.Т. Сұлтанов, А.С. Көлгінов сияқты елорда әкімдеріне сенім білдіргендеріңіз үшін, бірлескен жұмыс үшін алғыс айтамын”, – дейді ол.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
