Асылхан Төлепов "Өнер барысының" үш дүркін чемпионы атанды
"Тараз Арена" спорт кешенінде "Өнер барысы" додасы өтті. Танымал өнер өкілдері күресіп, спорттық дайындықтары қай деңгейде екенін көрсетті. Солардың ішінде актер Асылхан Төлепов жеңіл салмақта "Өнер барысының" үш дүркін чемпионы атанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ал аса ауыр салмақтағы "Өнер барысы" атағы әзілкеш Біржан Шөпбайға бұйырды.
Айта кететін жайт, додаға қатысқан вайнер Мейіржан Төребаев белдесу кезінде қолынан жарақат алып қалды.
Биыл "Өнер барысы" Тараз қаласында өтті. Оған Тәуекел Мүсілім, Арман Қоңыр, Мейіржан Төребаев, Қанат Әлжан, Бейбіт Көшқалиев, Рүстем Жаныаманов сынды танымал жұлдыздар қатысты.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі