"Асылған адамнан зәр мен нәжіс шығады, ол таза": Әскерде көз жұмған сарбаздың жақындары өлімнің жай-жапсарын баяндады
Фото: Threads enlik_kaltaeva
17 қыркүйекте Алматы облысындағы әскери бөлімдердің бірінде өлі табылған Шынарбек Дінмұхамедтің жақындары сол күні не болғанын және оқиғаның қалай болғанын бастан-аяқ баяндап берді. “Айранға” берген сұхбатында марқұмның әпкесі Дінмұхамедтің әпкесі өзіне қол жұмсады дегенге сенбейтінін және бұл сөзіне дәлел көп екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сарбаздың анасы Бибінұр Қалтаева ұлының қазасынан кейін есеңгіреп қалғанын айтты. Бұл жағдай өзіне ғана емес, марқұмның сыңары Даниялға да ауыр тиді.
“Балам Шынарбек Дінмұхаммед “Отанымды қорғаймын деп барып, шабыттанып барып, табытпен қайтқан жас сарбаз бір жыл Отан алдындағы борышын өтеймін деді, бес айда Отан менің ұлымды қорғай алмады. Қазір айту маған өте қиын. Себебі менің қайғым тек қана Дінмұғаммед қана емес, оның сыңары Даниял үшін де жүрегім ауырады. Ішімдегі қайғыны толығымен шығара да алмаймын. Егер Дінмұхамедімді жоқтасам, Даниялыма қиын борлып жатыр. Екеуі бір адамның жарты етіндей. Ұлдарым өз еріктерімен Отан қорғаймыз деп барып, арман-мақсаттарына жете алмай, Даниял сыңарынан айырылып, Димашым өмірден озып, басыма қиын күн туды. Балам кеткелі көзімнен жас шықпайды, бар қайғым ішіме тұнып, зомби болып қалдым десем де болады. Мұндайды ешкімге де тілемеймін. Мұндай жағдайдың қайталанбағынын қалаймын”, – дейді тамағына өксік тығылған ана.
Марқұмның жақындары Шынарбектің өзіне қол жұмсағанына сенбейді. Олар суық хабарды немқұрайлы жеткізген әскери комиссарияттың қызмтеркелеріне не наразылығын жеткізді.
“Мұндай хабарды жеткізудің өз тәртібі бар. “Балаң асылды” деп анасынан сүйінші сұрағандай қалай хабар береді. Ол жақтан адамдар жіберу немесе әскери комссариаттан адамдар жіберу керек, анасының бетіне айта салмай. Айналасындағы адамдарды дайындап, содан кейін анасына естірту керек шығар. Кешке кептеліс, ұшуға қанат жоқ, бауырыма жете алмаймын. Бауырыма келсем, анасы “маған жоламаңдар, бұған мен кінәлімін, оны әскерге мен жібердім” деп жылады. Ана бұрыш, мына бұрышқа қашып, басын соққылап жылады. Осында біздің әскери комиссариаттан бір топ адам келді. Оларға да “неге осылай хабар берді” деп шағымдандық. Олар “Бізге хабар беріңдер деді. Біз жиналып келемін дегенше, осындай жағдай болды” деп жауап берді. “Криминалистерк келіп, баланы Қордайға алып кеткелі жатыр” деді. Біздің бар ойымыз, баламызға жетіп, оны көзімізбен көру болды. Алып кетуге қарсы болдық”, – дейді марқұмның әпкесі.
Айтуынша, кейін Дінмұхамедті Қордай қабылдамайтынын, осындағы госпитальде қалады деген. Сөйтіп жақындары госпитальге баратын болып шешкен. Олар Отарға жетер уақытта госпитальден хабарласып, марқұмды 25 минут бұрын Алматыға алып кеткенін айтқан.
“Алып қашып жатыр ма? Біз жеткенше сараптаманы өткізіп алмақшы ма?” деген күдіктер болды. Баланы бірінші көрген адамдармен сөйлесуім керек” деп едім майор шықты. Ол видео жазбаны сақтап алуды, оларды протоколдауды жасау керегін де білмеген. Бір белдікпен қолын байлаған, бір белдікпен асқан. Екі белдік болған. Үлкен діңгек ағаштың 30-40 см бұтасына бір белдік түгел айналып кеткен, ол асуға жетпейді. Киімдері құрғақ болған. Алматыға жеттік. Жолай сот-медициналық сараптаманың қызметкерлеріне шығып, мәйітті соймауын өтіндік. Өзім кірдім. Ауыр процедура кезінде 2 сағат сонда тұрдым. Кейін тозақтан шыққандай күйде болдым. Тірі адам ілінетін болса, қан тамырлар, капиллярлар жарылып, мойнын қанталап қалап, қылқындыру жүлгесі пайда болатын еді. Тірі адам асылғанда ол ары-бері қозғалады, тілі де тістеліп кетеді, зәр мен нәжіс шығып кетеді, мойын омыртқасы созылып, зақым келеді. Менің медицинадан хабарым бар. Бірақ ол таза болды. Мойнының жанында күштеп, қатты батқан, ойылып кірген іздер болды. Бірақ мойнының алдыңғы жағынан ондай ештеңе байқалмады. Ол іздер өлі денені асқаннан пайда болған деп ойлаймын”, – дейді Тоғжан Қалтаева.
Марқұм сарбаздың әжесі Гүләсел Қалтаева да “Димашымды жоқ қыла салды” деп зар жылап отыр.
“Жайқалып тұрған жапырағымның біреуі жерге түсіп қалды. Құдайдан мұны тілеген жоқ едім. Кезек 92-ге келген менікі еді. “Әжем-ай” деп жылап тұрса болмас па еді", – дейді кейуана.
Дінмұхамедтің Астанада қалып-ақ әскери борышын өтеуге мүмкіндігі бар еді. Алайда ол сыңарының жанына сұранған.
“Балам қыршыннан қиылды. Оның сыңары Отардағы Гвардиялық арт бригадада әскерде еді. Димашым “Мама, Отан алдындағы борышымды өтейін, сыңарыммен бір жерде болайын” деп талпынып кеткен еді. Мен рұқсатымды бердім. Ол Астанада жүрген еді. Астанаға барып, әскери комиссариатпен сөйлестім. Олар “өз еркімен бара жатқан баланы қалаған жерге жібереміз. Астанаға қалдырайық” деді. Балам сыңарына барғысы келді. Сөйтіп Гвардиялық арт бригадаға жібердік. Онда ант бергенге дейін болды. Келесі күні оларды бөліп тастады. Баламның өзіне қол жұмсағанына сенбеймін. “Мені сағынсаңыз, туған күніме келсеңізші” деген еді. Мен бара алмадым. Бұл үлкен өкініш. Бір қыз үш ұлым бар. Қызым тұрмыста. Үлкен ұлым Түркістанда, 3-курс студенті. Одан кейін осы егіздерім", - дейді марқұмның анасы.
Жақындары қолбасшыдан егізді не себепті екіге бөлу тұралы бұйрығын көрсетуді талап еткен.
“Айтуынша, әскери бөлімде 13 адам қалған. Екі бала нарядта болған. Димаш пен бір бала. Ол баланы бізге көрсеткен жоқ, аты-жөнін де айтқан жоқ. Тергеу басқармасына алып кетті. Екеуі казармада нарядта болған. Димаш нарядта 28 сағат тұрып, ұйқысыз жүрген болса, ана бала одан да көп жүруі мүмкін. Екі бала бақылау-өткізу пунктінде болған. Патрульде үш бала. Тағы екі бала саябақ бар екен, сонда патрульде болған. Одан бөлек, 4 майор, қалғандары сержант, старшина қалған. Камера казармада бар, дәретханада жоқ. Асылатын бала әжетханада да асыла салатын еді. Ол тапатал түсте, екі белдікті алып, орындықты алып, ол жаққа барып жүрмейді. Патрульдер жүр. Олар 24 сағаттан кейін нарядты жалғастырған. Өйткені барлық құрам атуға кеткен. Сол себепті оларды уақытылы ауыстыра алмаған. Меніңше, ол бала бір нәрсегше куәгер болды немесе оған әлімжеттік жасалды. Бірақ ата-аналырын уайымдап ештеңе айтпаған болуы ықтимал. Оқиға болған жерге бардым. Онда қойма тәріздес бір ғимарат тұр. Оның арғы жағында әбден шөп басып, ағаштар өсіп кеткен жермен жүріп оқиға болған жерге жеттік. Бір белдікпен қолын артына байлап алған. Бір белдікті ағашқа іліп, асылған. Аяғының астына орындық қойған. Аяқ астындағы топырақ жайылып кетіп жатыр. Орындықтың өзі батып кетеді. Қолындағы белдігі де түсіп кетеді, асылуға да мүмкіндігі жоқ. Баланы 10 қыркүйек күні сағат 10:00-де нарядқа қойған, 17 күні сағат 10:00-де шығу керек еді”, – дейді Дінмұхамеддің әпкесі Тоғжан Қалтаева.
Командирі бас-көз болмағаны үшін кінәлі екенін мойындаған.
Егіздердің анасы Даниялды әскерге жіберуден бас тартты. Ол істің, сараптаманың әділ жүргізілгенін талап етіп отыр. Ол Тоқаевқа үндеу жасап, шешімнің әділ болуына ықпал етеді деген сенім білдірді.
Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысындағы әскери бөлімде 19 жастағы сарбаздың қайтыс болғаны туралы жазған едік.

"Қанды Қаңтар" алдында газ бағасын көтеруді қолдаған мұнай сарапшысы тағы сынға қалды: Енді жолақыны қымбаттатуды ұсынды
