Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Miss Qazaqstan" байқауының жеңімпазы асыл тастармен көмкерілген тәж бен 5 миллион теңгеге ие болмақ

Қазақстандағы ауқымды жобалардың бірі “Miss Qazaqstan” байқауының тартысқа толы финалы 18 қараша күні өтеді. Биыл Қазақстанның түрлі аймағынан 23 ару бақ сынамақ. Байқау ұйымдастырушылары сайыстың қызу дайындығымен бөлісіп, қатысушыларды таныстырды.

Түрлі аймақтан жиналған сұлулар арнайы лагерге жайғастырылып, 10 күндей дайындықтан өтеді. Ол жерде бұрымдыларға түрлі шеберлік, жаттығулар мен жүру, сөйлеу, сахна тілі сабақтары үйретілмек.

Байқауды ұйымдастыру комитеті дайындықтың қыза түскенін айтады.

“Республика бойынша 18-25 жас аралығындағы арулар анықталды. Кастингте тек сыртқы сұлулық емес, сонымен қатар тіл білуі, дүниетанымы мен қоғамдық жұмыстарға белсенділігі ескерілді. Міне, финалға менмін деген 23 ару іріктелді”,- деді "Miss Qazaqstan" байқауының жетекшісі Айдай Исаева.

Ұйымдастырушылар сонымен қатар биыл жоба шарты өзгергенін тілге тиек етті. "Miss Qazaqstan" байқауының директоры Катрин Безверхова еліміздегі һас сұлулардың барлығы жобаға еш кедергісіз келіп, қатысуға мүмкіндік алса дейді.

“Бұл жылы біз байқау шартын қатаңдаттық. "Miss Qazaqstan" тек титул иесі емес, сонымен қатар әрбіріміздің бейнеміз, айнамыз болады”, - деді байқаудың ұйымдастырушы директоры. 

Жоба жетекшілері Қазақстан аруының тәжін арнайы тапсырыспен “Armat” компаниясы дайындап жатқанын алға тартты. Сөздерінше, тәж эскизі бір ай бойы мақұлданып, екі ай бойы жасалу үстінде.

“17 қарашада біз оны қолымызға аламыз. Жеңімпазымыз арнайы қымбат тастармен әшекейленген тәжден бөлек, 5 миллион теңгелік сертификат пен Тұран университетіне кез келген мамандыққа грант ұтады”,- деп қосты жетекшілер.

Ұйымдастырушылар өзге арулардың да марапатсыз қалмайтынын алға тартты. Олар “Қазақстан аруы”, “Вице Қазақстан ару”, “Қазақстандық әлем аруы”, “Қазақстандық ғалам аруы”, “Халық таңдаған ару” деген 5 номинацияның да берілетінін тілге тиек етті. Оларға дауысты Республика сарайында көрермендер QR кодтар арқылы беретін болады.  

Одан бөлек, әділқазылар алқасында: Светлана Лавода, Динара Сатжан, Жан Мұқанов, Аружан Джазилбекова сынды тұлғалар болмақ.

Ұйымдастырушылардың жоспары бойынша қазылар алдымен 15 аруды, кейін оның ішінен 5-еуін таңдап, олар өзара “Қазақстан аруы” атағына тартысқа түседі.



Осы ретте жоба жетекшілері Алматы әкімдігі мен Республика сарайына және жоба серіктестеріне алғыс айтты. 

18 қарашада өтетін ауқымды шарада Ninety One, Дастан Оразбеков, Луина, Амре секілді эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп, режиссерлік команда арулардың өнерлерін жоғары дәрежеде орындауына қолдау білдірмек.

“Miss Qazaqstan"байқауына қатысушылар тізімі

  1. Мадина Макишева, 19 жаста, “Қарағанды аруы – 2022”;
  2. Диана Тошимбетова, 19 жаста,  Алматы қаласы;
  3. Зарина Нуржанова, 18 жаста, Шымкент қаласы;
  4.  Дильназ Тилаева, 19 жаста, "Алматы аруы – 2022" байқауының вице-миссі;
  5.  Жанель Мырзатаева, 18 жаста, Алырау қаласы “Атырау аруы – 2022”;
  6.  Нина Доброжан, 18 жаста “Костанай аруы – 2022”;
  7.  Маржан Ержанова, 19 жаста, Тараз қаласы;
  8. Назерке Абылайхан, 17 жаста, “Түркістан аруы – 2022"
  9. Рамина Ибрагимова, 24 жаста,  Алматы қаласы;
  10. Дильяра Жумабай, 21 жаста, “Астана аруы – 2022”
  11. Томирис Какимова, 24 жаста “Астана аруы – 2022” байқауының вице миссі;
  12. Диана Ихтиярова, жаста “Теміртау аруы – 2022”;
  13.  Балнур Рахимова, 18 жаста, Шымкент қаласы;
  14. Орынгуль Едіге, 19 жаста, “Ақтөбе аруы – 2022”;
  15. Азиза Сыздыкова, 25 жаста Көкшетау қаласы; 
  16.  Зарина Бекқалиева, 21жаста, “Көкшетау аруы – 2022”;
  17. Томирис Заир, 19 жаста, “Алматы аруы – 2022”
  18.  Наиля Муталиева, 21 жаста, Алматы қаласы;
  19. Дина Кондратюк , 23 жаста “Астана аруы – 2022” байқауының екінші вице-миссі;
  20. Карина Абдулхаирова, 22 жаста, “Алматы аруы – 2022” байқауының екінші вице миссі;
  21.  Алтыния Ғазизова, 18 жаста, “Семей аруы – 2022”;
  22. Элма Қалмырзаева, 19 жаста, Алматы қаласы;
  23. Елара Нигомет, 20 жаста, “Павлодар аруы – 2022”.
Талқылау