Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"5-6 адам тапаншамен жүр": Алматыда сырахана қонақтары бір-біріне оқ отқан

«Асыл арман» сыраханасындағы отырыс атыспен аяқталды. 20 мың тұрғыны бар кешенде кәсіпкерлер сыра сатуын күндіз-түні тоқтатпаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК-ға сілтеме беріп.

Нұр-Сұлтанда атыс: 3 адам жараланып, 1 адам көз жұмды

Кешенде 20 мыңнан аса адам тұрады. Онсыз да адам қарасы көп жиылған жерде карантин уақытында жағдай тіптен ушыққан. Шектеуге немқұрайлы қараған кәсіпкерлер сыра сатуын күндіз-түні тоқтатпаған. Ащы суға елірген клиенттері түнімен ұйқы бермейді. Бірнеше күн бұрын ғана осындай көңілді отырыстың соңы атыспен аяқталған.

"Атыс болды. Травматикалық қарудан ба, білмеймін. Бірақ атып жатқан кезде ұшқын шығып жатты. Балконға шығып қарадық. Түн ортасында шудан оянып, қарасақ, 5-6 жас бала қарумен жүр. Сырахана қожайыны ол кісінің жұбайы, барлығы бір-бірімен ұрсысып, айқайласып, төбелесті", - деді тұрғын Динара Дүйсебаева.


"Сатып алушының 44 үйі бар": Алматыда жалғыз баспанасынан қуып шықпақ болған көпбалалы отбасының ісіне қатысты жаңа деректер 


Аулада атыс болғаны жайында әлеуметтік желіде тараған ақпаратты ести сала, полиция департаменті істі анықтауға кіріскен.

"Жедел іздестіріп, 26 жастағы жергілікті тұрғынды таптық. Пиротехникалық бұйымдарды белгіленбеген жерде, яғни «Асыл арман» тұрғын үй кешенінің аумағында қолданғаны белгілі болды", - дейді Серік Үпиев, Алматы облыстық ПД ресми өкілі:

 Ал кешендегі ығы-жығы жұртқа сыраханалардың маңайдағы ауылдардан жиналатын клиенттері қосылған. Түн ұйқысы бұзылған тұрғындар бұған тыйым салынсын деп отыр.

"Көлікпен келеді, музыканы қатты қойып қояды. Бұл жерде кәрі шалдар, ауырып жатқан кемпірлер, жас балалар бар, ұйқысы бұзылды. Тәртіп деген жоқ", - дейді Мәулетхан Закарияұлы.

Әзірге тұрғындар кешкі рейдке өздері шығып жүр. «Сырахана жұмысына түпкілікті тоқтау болмаса, тексерісті өзіміз жалғасытар береміз» дейді олар.
 

 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр