Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ашынған алматылық ата-ана министр Сағадиевке видеоүндеу жолдады (видео)

Мектеп оқулықтары баланың миын ашытады деген алматылық тура Білім министріне видеоүндеу жолдады. Бір пән бойынша оқытылатын бірнеше кітап, әсіресе, бірінші сынып оқушыларына тым ауыр дейді ол. Бұл туралы КТК хабарлайды.

5454

Сондай-ақ, видеоүндеу авторы қағаз толтырудан қолы босамайтын мұғалімдерді де бұл әурешіліктен арашалауды сұраған.

Анасы Салтанат кішкентай қызы Еркеназдың күн сайын сабаққа қанша және қандай кітаптар арқалап баратынын жақсы біледі. Өйткені алты бірдей пәннен берілетін қиын тапсырмаларды қызымен бірге орындайды.

“Күнде жылайды. Өте қиын. Есептерін шығару қиын. Есептің теңдеулері ол үш таңбалы санға кетіп қалады. Ешқандай жүйесіз. Біз ондықтан кейін бірден үш таңбалы санға өтіп кетеміз”, – дейді Алматы қаласының тұрғыны Салтанат Тәжиева.

Оқулықтардағы қиын тапсырмаларды орындау бала түгілі ата-ананың өзіне ауыр дейді Салтанат. Қызының оқу үлгерімі төмендемес үшін тіпті жұмысқа да шықпай, сабақ оқытайын деп әдейі үйінде отыр. Әсіресе, төменгі сынып оқушысы түсіне алмайтын сұрақтар келгенде тіпті қиналатынын айтады.

“Оларға тіпті, ата-ананың өзі жауап бере алмайды. Менің қызыма психолог мамандардың көмегі керек болады. Өйткені оның мектепке барғысы келмейді. Біріншіден, сөмкесі ауыр, екіншіден балаға ешқандай өзін дамытуға арналған уақыты қалмайды”, – деді Салтанат Тәжиева.

Баланы дамытуға мұғалімдердің де уақыты жоқ екен. Күні бойы әр баланың оқу үлгерімі жөнінде есеп дайындайтын олар оқушымен жұмыс істеуді ұмытты дейді. Қызының жағдайына жаны ауырған Салтанат бұл білім жүйесін сынап, тура министрдің өзіне видеоүндеу жолдады.

“Қоршаған ортамен таныстыру, экология негіздері. Бұл жердегі қойылатын балаға сұрақ, қызыл кітапқа енетін қазақстандық құстарды белгілеңдер. Ал енді 0–ші сыныпқа жасы алтыға толмаған, бес жастағы балалар барып жатыр. Бес жастағы бала қызыл кітаптың не екенін қайдан біледі?” – деді ол.

Әлеуметтік желіде жарияланған Салтанаттың бұл үндеуін бір күннің ішінде 85 мың адам қарап, 7 мыңға жуық оқырман бөлісіп үлгерген. Қызу талқыға түскен қоғамдық мәселеге Білім министрлігі назар аударыпты.

Ондағылардың айтуынша, қиын тапсырмалар балалардың ойлау жүйесін дамытуға арналған. Сол арқылы ғылымның күрделі салалары жөнінде осы бастан хабардар етпек. Сондай-ақ, оқулықтардың салмағы да 2 келіден аспайды деп сендірген.

 

ҚР білім және ғылым министрлігі де көп ұзамай, Салтана Тәжиеваға жауап берді.

Безымянный

Оның айтуынша, қазіргі балаларды тек жазу, сызуға үйретіп қана қоймай, теориялық білімдерін кәдеге жаратуды да ұғындыру қажет. Оқу бағдарламасы осыған сәйкестендіріліп жасалған.

Осыған орай оқулық авторлары Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің тапсыруымен ресми жауап дайындады.

Ең алдымен, мектеп оқушысы мен бастауыш сыныптардың оқу бағдарламасына барынша мұқият қараған Салтанат ханымға алғысымызды білдіргіміз келеді. Ал бейнежазбадағы сауалдарға бастауыш сынып мұғалімі және оқу бағдарламасын жасаушы Байтенова Қаламқас Қадырбекқызы жауап береді.

Қаламқас Қадырбекқызының айтуынша, бүгінгі таңда балаларды оқу мен жазуға ғана емес, сонымен қатар мектепте алған теориялық білімін іс жүзінде пайдалана білуге де үйрету аса маңызды. Жаңа оқулықтардың көздеген мақсаты да осы. Мәселен, «Жаратылыстану» пәнінде химия, физика, биология сияқты күрделі пәндердің материалдары беріледі. Жаратылыстану бағытындағы жаңа оқулықта осы материалдардың барлығы балаларға түсінікті және қарапайым тілмен баяндалған. Ол үшін оқулықты даярлау ісіне бастауыш сыныптарға сабақ беріп жүрген тәжірибелі мұғалімдер қатыстырылған.

Мәселен, Қаламқас Қадырбекқызының айтуынша, Салтанат Тәжиеваның бейнежазбасындағы «траектория» ұғымының мағынасын кішкентай балаларға түсіндірудің түк те қиындығы жоқ. Мұғалім сабақты бастамай тұрып балалардан «траектория» дегеннің не екенін сұрайды. Содан кейін педагог балалармен бірге эксперимент жасайды: іші толтырылған (ұн немесе құрғақ құрылыс қоспасы салынған) табақшаға ұқсайтын тақтадан ермексаздан жасалған дөңгелек пен ойыншық көлік қатар жібереді. Осыдан кейін балалардан тақтада не қалғанын сұрайды. Балалар, әлбетте, жазықтықта көліктің де, дөңгелектің де ізі қалғанын айтады. Балаларға осы іздердің заттың қозғалысы кезіндегі траектория екенін түсіндіру – мұғалімнің міндеті. Сондай-ақ, эксперимент арқылы балалармен бірге көлбеу жазықтықта екі көліктің қайсысы ұзаққа баратынын білуге болады (Қаламқас Қадырбекқызы мұны оқулықтың көмегімен көрсетеді). Сонымен бірге, оның неге байланысты екенін де түсіндіреді (көліктің салмағы, көлемі, тағы басқа ерекшеліктері).

Осылайша, бастауыш сыныптың балалары күрделі де қызықты түсініктермен таныс болып, жоғарғы сыныптарға дайынпен жетеді. Бұл балалардың кішкентай кезінен аса маңызды ғылымдардың терминдерін және ерекшеліктерін білуіне де жол ашады.
Салтанат ханым балалардың портфолиосы да мұғалімдердің көп уақытын алады деген пікірде. Алайда, портфолио керек және оның болуы бала үшін маңызды. Оларды парақтай отырып, ата-ана балаларының жаңа оқу бағдарламасын қаншалықты игеріп жатқанын, жетістіктерін қадағалап отырады.

Барлық оқулықтар мен жұмыс дәптерлерінің салмағы жеңіл және бүгінгі техникалық, гигиеналық талаптарға толығымен сай келеді. Сондықтан да аптасына 5 күндік сабақтарына апаратын оқулықтардың өзі де балаға ешқандай ауырлық та, қиындық та тудырмайды.

Қаламқас Қадырбекқызы барша бастауыш сынып мұғалімдері мен білім беру саласының қызметкерлері атынан оқу процесіне бей-жай қарамайтын, жіті қадағалап отыратын ата-аналарға алғыс білдіреді. Оқушылардың заманына сай сапалы білім алып, ХХІ ғасырдың талаптарына сай келуі үшін бала, ата-ана және ұстаз өзара бірлікте әрекет етуі керек. Сонда ғана ойдағыдай нәтижеге жетуге болады.
Оқи отырыңыз:

Қазақстан мен қазақстандықтардан көңілі қалған туристер: 4 оқиға

Серік Абас-шах тоқалымен елді құтқармақ болған Қыдырәліні әжуалады

Қазақстандық әйел туған қыздарын зорлап келген күйеуі туралы айтты

“Генерал келін” енесін жаңа түскен абысынынан қызғанып жүр

Талқылау