Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Ашкөз ақымақтар мен надандар қаптады”: Журналист Алматыға сырттан келіп қоныстанатындарды сынға алды

Журналист Гүлжан Ерғалиева Алматыға ауыл-аймақтар мен шет қалалардан келгендердің қауіп төндіретінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ол Алматыға сырттан келіп қоныстанғандардың қауіпті екенін әрі оларды қалаға жолатпау керектігін жеткізген. Ерғалиева автобус жүргізушісін ұрған адамды да сынаған. 

"Алматы ауыр әрі сұмдық конгламерантқа айналды. Қалада әлем чемпионын танымай, көшенің ортасында пышақтап кететін маргиналды креминалға ғана емес, егеуқұйрықтар армиясы сияқты өріп жүрген ашулы, қатігез, ашкөз ақымақтар мен надандар қаптап жүр. Мына ақымақтың автобус жүргізушісіне шабуылдауының кесірінен қаншама адам қаза тапты. Қаланың сыртында осындай жартылай адамдар қоныстанған. Олар шынымен егеуқұйрықтар сияқты 50 шаршы метрде 30 адам өмір сүріп жатыр. Жұмыс іздеп, ұрлық жасап, топтасып алып өріп жүр. Субмәдениет қалыптастырып, өздерінің ережелері мен тәртібтерін орнатпақ”, – деп жазды ол.

Гүлжан Ерғалиева құқық қорғау органдары мен қала билігі бұл мәселені шешу керектігін айтты.

"Оларда “Кедейлерге барлығын жасауға болады” деген идеология бар. Біз мемлекеттің құрбанымыз. Бізде билік, алматылықтар, байлар, ақылдылар барлығы қарызға батып кеткен. Мұндай жағдай сонау 1917 жылдары болған. Ресейде “Слово пацананы” талқыланып жатса, бізде “Шет жақтың соғысы” деген қауіп бар. Құқық қорғау органдары мен жергілікті билік бұл тақырыпты шұғыл зерттеп, шара қолдануы қажет. Бұл сұмырайлар қаланың қоғамдық орындарына келмейтіндей жасау керек.  Алматының шетінде өздерінің Гарлемдері болсын”, – дейді Гүлжан Ерғалиева. 

Талқылау