Әшімбаев: Астана қаласының атауын Нұрсұлтан деп ауыстыру туралы шешім қабылданды

«Нұр Отан» партиясының төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана қаласының атауын өзгерту туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді.

Әшімбаев: Астана қаласының атауын Нұрсұлтан деп ауыстыру туралы шешім қабылданды

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 

«Бұл дұрыс әрі сараланған шешім. Астанаға қаншама күш-жігер жұмсалғанын білеміз. Астана бұл бұрынғы облыс орталығы, Целиноград, Ақмола болғанын елестетіңіздерші. Ал бүгін Астана – мойындалған халықаралық орталықтардың бірі, Еуразиядағы әдемі әлі дамыған қалалардың бірі. Мұның бәрі Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси еркінің арқасында орын алды, сондықтан Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімі – өте дұрыс, заңды, біз оны қолдаймыз. Астаналықтарды қаланың атауы өзгеруімен және қазақстандықтарды осы шешіммен құттықтаймын», - дейді Әшімбаев.

Әшімбаев журналистердің бұл шешімнің қабылданған-қабылданбағаны туралы сұрағына мақұлдап жауап берді.

Алайда шешім бекітілуі үшін, Конституцияға өзгерістер енгізілуі керек. 

Айта кетсек, бүгін президент атанған Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласының атауын Нұрсұлтан деп өзгертуді ұсынды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр