"Ашық пропаганда": Желі қолданушылары көшеде қыздарға хиджаб киюді өтініп, видео түсірген блогерді сынап тастады
Видеодан скриншот
Желідегілер жарнама мақсатында көшедегі қыздарға хиджаб кигізгендерді сынап тастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Блогер әрі әрі стилист Айдана Талғатқызының жеке хиджаб бренді бар. Ол көшеде келе жатқан қыздарға хиджаб киіп көруді ұсынып, сол киімді сыйға береді екен. Желі қолданушылары аталмыш контентті насихат деп, тексеруді талап етті.
"Апат белгісін қосып, намаз оқыды": Алматыда кептеліс тудырған ер адамның әрекеті қызу талқыға түсті
Үш миллион қаралым жинаған бейнеролик әлеуметтік желіде шу шығарды.
"Біз сізге мини-шорты пен топ киіп адып, хиджабыңызды шешіңіз деп сұрамаймыз ғой. Неге бұлай етесіз?", "Хиджабқа қарсымын. Біздің қыздар ондай киім кимеген. Қазір жастар онсыз да оверсайз киім киеді", “Сенім мен мәжбүрлеуді шатастырмаңыздар! Мен дінді және хиджаб киген қыздарды құрметтеймін, бірақ хиджаб – бұл жүректің таңдауы, көшеде кигізе салатын нәрсе емес. Әсіресе ашық киінгендерге барып, киімін ауыстырту – әйелдің құқығын бұзу”, “Қызық, көшеде хиджаб киген қызға хиджабын шешіп, кәдімгі киім киіп көруін өтінсем, ренжімей ме?”, “Мынау ашықтан-ашық пропаганда ғой” деп жазды желідегілер.

"Жүректен төмен қарай денесін сезбейді": АҚШ-тағы жарыстардың бірінде қазақстандық дзюдошы ауыр жарақат алды
