Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ашхабадта Абай әндері шырқалды

Ашхабадта Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған рухани кеш өтті. Шарада толығымен ақын шығармалары орындалды. Ұйымдастырушылар – екі елдің мәдениет министрлігі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап.

Абай

Абай – адамзаттың ақылманы. Сондықтан ақынның мерейтойында түрікмен өнерпаздары аянып қалмады. Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» операсынан шығармалар орындалды.

«Айттым сәлем, Қаламқас» әнін көрші елдің белгілі теноры Нұры Нұрыев орындаса, ал опера әншісі, сопрано Лейли Окдирова «Қарлығашты» құйқылжытты. Муызкамен сүйемелдеген мемлекеттік симфониялық оркестр.

"Бұл біздің бауырлас халық атынан сый болсын. Абайды оқу, оны насихаттау саналы адамға парыз. Ұлы тұлғалар құндылығы ұлтқа бөлінбейді, бәріне бірдей қызмет етеді", - деді Түркіменстан мемлекеттік симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі Расул Клычев.

Иә, бала Абайда Шығыстың ұлы ақындары Фирдоуси, Сағди, Низами, Науаиларға еліктеп өсті. Мақтымқұлы да түрікмен әдебиетінің ірі классигі. Яғни қазақ және түрікмен халықтарын біріктіретін ортақ тарихи-мәдени тамырды тереңдете түсу керек, дейді ұйымдастырушылар. 

STAN.KZ
Жұма, 12 Маусым, 2020 15:38
Талқылау