Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Асхат Өзбеков «Кселл» АҚ-ның бірінші басшысы лауазымына тағайындалды

Жұма күні, 6 мамырда "Кселл" АҚ Директорлар кеңесі Асхат Өзбековті компанияның басқарма төрағасы бас атқарушы директоры қызметіне тағайындау туралы шешім қабылдады. Асхат Өзбеков бұған дейін "Қазақтелеком" АҚ-ның қаржы директоры қызметін атқарған.

Асхат Өзбеков – Тұран университетінің түлегі, мұнда 2000 жылы халықаралық экономика мамандығы бойынша оқуын бітірді. Биылғы жылдың басында ол London Business School білім ордасында Executive MBA дәрежесін алды. Асхат Өзбеков 2005 жылға дейін "Эрнст энд Янг Казахстан" ЖШС салық және аудит департаменттерінде жұмыс істесе, одан кейінгі жеті жыл бойы, яғни 2012 жылдың басына дейін "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ-ның қазынашылық департаментінде түрлі қызметтерді атқарды, кейін тағы 2- жыл бойы, яғни 2014 жылдың желтоқсан айына дейін KMG EP International (Нидерланды) компаниясында қаржы директоры қызметін атқарды.

Асхат Өзбеков "Қазақтелеком" АҚ-на 2015 жылдың қаңтар айында қосылған болатын, елдегі ең ірі байланыс операторындағы қызметін қаржы департаментінің директоры лауазымынан бастап, 2015 жылдың наурыз айында "Қазақтелеком" АҚ басқарушы директоры – бас қазынашысы болды. 2016 жылдың қаңтарында Өзбеков мырзаның лауазымдық өкілеттіктеріне "Қазақтелеком" компаниялар тобының қаржылық бақылаушысы міндеттері қосылып, 2016 жылдың қыркүйегінен бастап осы уақытқа дейін компанияның қаржы директоры қызметін атқарды. Дәл оның қатысуымен 2018 жылы "Кселл" АҚ 75% акциясын сатып алу туралы мәміле жасалды.

Еске салайық, 2018 жылдың соңында "Қазақтелеком" АҚ акциялардың бақылау пакетін сатып алу мәмілесін жасағаннан кейін Halyk Finance инвестициялық банкінің сарапшылары Kcell ұзақ мерзімді оң экономикалық нәтижеге қол жеткізеді деп болжаған болатын. Бұған бизнес-процестердің басқа топтық құрылымдармен интеграциялануына байланысты күрделі және операциялық инвестицияларға кететін шығындардың азаюына байланысты қол жеткізеді делінген еді. Бұл болжам бірінші жылының қорытындысы бойынша жүзеге асты: компанияның 2019 жылғы таза табысы 10,177 млрд теңгеге жетіп, бір жыл бұрынғы көрсеткіш 8,531 млрд теңгеден едәуір асып түсті. Сонымен қатар EBITDA (біржолғы шығыстарды қоспағанда) 64,3 млрд теңгені құрады, ал бұл 2018 жылғы көрсеткіш деңгейінен яғни 50,943 млрд теңгеден 24,7%-ға өскендігін көрсетеді.

Айта кету керек, 2020 жылы "Кселл" компаниясының таза пайдасы 17,5 млрд теңгеге дейін өсті, ал EBITDA (салықтарды, несиелерді және амортизацияны төлегенге дейінгі кіріс) 12,1%-ға өсіп, 72,147 млрд теңгеге жетті. Ақырында, 2021 жылдың қорытындысы бойынша Кселлдің таза табысы бірден 84,9%-ға өсіп, 32,5 млрд теңгеге жетті, бұл ретте ұялы байланыс операторы соңғы үш жылда мұрағаттық тарифтердің құнын көтермегенін атап айту керек. Сонымен қатар, 2021 жылдың 12 айында ұялы байланыс операторының жалпы кірісі 12,3%-ға өсіп, 2020 жылғы 174 млрд 684 млн теңгеге қарсы 196 млрд 189 млн теңгені құрады, ал қызмет көрсетуден түскен табыс 10,7%-ға өсіп, 155 млрд 054 млн теңгені құрады ( 2020 жылы бұл көрсеткіш 140 млрд 049 млн құрады).

EBITDA көрсеткіші, біржолғы шығындарды есептемегенде, бір жыл бұрынғы 72 миллиард 147 миллион теңгеге қарсы 14,1 пайызға өсіп, 82 миллиард 340 миллион теңгені құрады, ал EBITDA маржасы 2020 жылғы 41,3 пайызға қарсы 42 пайызға өсті. Бұл ретте, біржолғы шығындарды есепке алмағанда операциялық пайда 25,1%-ға өсіп, 51 млрд 338 млн теңгені құрады, таза қаржыландыру шығындары 17,9%-ға азайып, 7 млрд 765 млн теңгені құрады, ал еркін ақша айналымы компания 48,6%-ға өсіп, 42 млрд 895 млн теңгені құрады.

Асхат Өзбековтың айтуынша, пайданың артуына компанияның жаңа тарифтік жоспарларына тіркелушілер қатарының артуы, оған "Қазақтелеком" АҚ басқа құрылымдарының ілеспе қызметтерді көрсетуі, сондай-ақ компанияның жалпы шығындарының яғни 17,9%-ға, 7,8 млрд. теңгеге дейін азаюы ықпал етті. Kcell осы даму бағытын болашақта да жалғастыруға ниетті.
 

Талқылау