Ашаның “семірген” суреті жұртты күлкіге қарық қылды (фото)
Ағасы Аша Матайдың семіріп кеткенін айтып әжуалады. Тіпті ол тележүргізушінің суретін фотошоппен өңдеп, желі қолданушыларын әзілге қарқ қылған.
Фото: instagram.com/asha_matai/?hl=ru
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Күні кеше Луина өзінің туған күнін жасап, қонаққа отандық шоу бизнес өкілідерін шақырған болатын. Аталған кешке келген Аша Матайдың суретке барлық жерде ішін жасырып түскенін байқауға болады. Бұл суреттерді көрген желі қолданушылары оның семіріп кеткенін жарыса жазған болатын. Артынша бұлай толып кетуінің себебін Әділ Лиян түсіндіріп, қуанышты хабарды жеткізді.
Көпшілік жазған пікір Аша Матай ағасының күлкісін келтірсе керек. Ол фотошоппен қарындасының суретін өңдеп, оның қатты толып кеткенін айтқан.
“Менің ағам мені әбден әжуладаы. Оның ойынша, салмағым 50 кг-ға артып кетсе, түрім осындай болады екен”, – дейді Аша Матай.
Ағасының әзіліне Аша Матай ғана күлген жоқ. Желі қолданушыларының да көңілі көтеріліп, түрлі пікір білдірген. Кейбіреуі онсыз да салмағының 50 кг екенін жазған.
Жіберіп алмаңыз:
Белгілі продюсер Аша Матайдың жүкті екенін айтты
Аша Матай: Ырымымызға сай сәбиіміздің есімін алдын ала атамайтын болдық
Аша Матайдың әкесі қызының “сексуалды” екенін айтып, жалаңаш эпизодқа түсуіне кеңес берген