Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аша Матай Жазира мен Жанболаттың бейнебаянына не себепті түспей қойғанын түсіндірді

Аша Матай сәбилі болғалы шаршап жүргенін жасырмады. Жуырда отбасымен Түркияға демалысқа аттанбақ. Тележүргізуші алдағы жоспарларын бөлісіп, не себепті Жанболат пен Жазираның бейнебаянына түсуден бас тартқанын айтты.

18947776_1444882818911945_2569361844351270912_n

Сурет: Аша Матайдың жеке парақшасынан

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Жуырда Жанболат пен Жазира “Тұсаукесер” атты әнге түсірілген бейнебаяндарын көпшіліктің назарына ұсынған болатын. Аталған туындыда Сәкен Майғазиев пен Мейрамбек Беспаевтың отбасылары бой көрсеткен-ді. Мұнымен қатар, жұлдызды жұп бейнебаяндарына түсуге Аша Матай мен Арман Қоңырбаевты шақырған екен. Алайда олар ырым-тыйымдарға сенетіндерін айтып, бұл ұсыныстан бас тартқан.

“Желі қолданушылары “Түрі кімге ұқсайды?” деп жиі сұрайды. Жалпы елу де елу десем қателеспейтін сияқтымын. Қызым Арман секілді бойшаң, ал түр-әлпеті маған ұқсайды. Шыдамсыз желі қолданушыларынан әлі де шыдамдылық танытуды сұраймыз.

Жанболат мырза мен Жазира ханым бізді бейнебаяндарына түсуге шақырған болатын. Әрине, бас тартуға ұялдық. Бірақ, осылай жасауымызға тура келді. Маған кішкене демалыс керек сияқты. Сол себепті, қызымызды алып аналарымызбен, достарымызбен бірге Түркияға кетіп бара жатырмыз”, – дейді Аша Матай.


Жіберіп алмаңыз:

“Ninety one” тобы: Димаштың стилі біздің ACE-тікіне ұқсайды

Баян Есентаева тағы да Алматы әкімдігіне шағымданды (видео)

Ақботаны қорғаған Ләйлә Сұлтанқызы жұрттың сынына ұшырады (фото)

Аша Матай: Арман – Қазақстандағы мықтылардың мықтысы

Талқылау