Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аша Матай: Ырымымызға сай сәбиіміздің есімін алдын ала атамайтын болдық

Жүрегі де, өзі де жас, үнемі күлімсіреп жүретін Аша Матай бүгінде елімізге танымал тележүргізуші, өзіндік көрермендері бар актриса, ибалы келін, сүйікті жар. Аша Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында отбасылық өміріндегі жаңалықтарымен бөлісіп, жанында емес, көкейінде жүрген арманы туралы айтып берді.

image

Фото: instagram.com/asha_matai/?hl=ru

Өнер мен өмірде қатар жүзген қос жұп су мен жалын секілді. Ақжарқын, көңілді, күлімсіреп жүретін Аша Матай мен сабырлы Арман Қоңырбаев. Күні кеше “Жараламағын” атты әніне түсірілген бейнебаяндарының тұсауын кесті. Тележүргізуші қоғам өміріне қаншалықты көп атсалысса да, бірінші орынға отбасын қоятынын айтады.

“Менің ойымша, келіндік міндетімді жақсы атқарып жүрген сияқтымын. Оны ата-енемнен сұрау керек шығар. Мен ол кісілерді папа-мама деп атаймын. Әрине, уақытым көп бола бермейді. Десе де, үй жинап, тамақ пісіріп, күйеуімнің жағдайын жасап үлгеруге барынша тырысамын. Мұның барлығы – менің міндетім. Күйеуіңді жақсы көрсең, барлығын істейді екенсің. Ата-енем де қарапайым жандар. Үнемі мені қолдап отырады. Қарым-қатынасымыз да жақсы”,-дейді Аша.

12393729_582272251929947_1511781595_n

– Болашақ сәбилеріңізге есім таңдап қойған боларсыздар?

– Шынымызды айтсақ, әлі таңдамадық. Қазақтың ырымына сеніп, дүниеге келмеген сәбиге ат қоймау керек сияқты. Оны біз емес, ата-аналарымыз шешетіні анық. Арман менің туыстарым жиен немерелеріне есімді өздері  қоятын шығар дейді, мен Арман жақ қоятын шығар деймін. Екеуіміздің бір-бірімізге деген сыйластығымыз осылайша көрініс тауып жатыр. Сондықтан қандай есім қоятымынымызды сәбиіміз дүниеге келген соң ғана анық болады. Ал қыз немесе ұл болсын сынды қалауымыз жоқ. Алла қай баланы берсе, бақытпен, қуанышпен қарсы алуға әзірміз.

12751305_1126981427314898_914083306_n

12362651_1195393083808366_1646138039_n

– Ботекске қатысты жаңалықтардан хабардар шығарсыз. Жалпы бұл процедураға көзқарасыңыз қандай?

– Қазір менің жасым небәрі 27-де. Сондықтан мұндай процедураларға жүгіну әлі ерте. Бірақ болашақта жасатуым да мүмкін. Әр жыл сайын өзгерістер еніп, сапасы жақсарып жатқандықтан, оны неге байқап көрмеске?! Әйел адам үнемі өзіне дұрыс күтім жасауы тиіс. Әсіресе, өнер адамдары. Өзім жасатып көрмесем де, мұндай процедураларға еш қарсылығым жоқ.

12362392_190522037959013_968214637_n

– Дәл қазір қандай жобалармен жұмыс істеудесіз? Мансап жолыңыз қалай өрбіп жатыр?

– Менің қазіргі басты жобам – күйеуім. Үй шаруасына көбірек көңіл бөлуге тырысамын. Менің ойымша, барлығы өз орнымен, өз уақытымен болғаны дұрыс. Десе де, алдағы уақытта өздеріңізге айтар жаңалығым бар. Оны ести жатарсыздар. Ал әзірге ең басты жаңалығымыз – біздің бейнебаянымыз. Өнер адамдары өмірімізді халыққа арнаймыз ғой. Еңбегімізді бағалап, жақсы пікірлер айтылып жатса, біз қуанып қаламыз.

12224573_1671667506409024_1739470008_n

– Бүгінде табысты әйел, сүйікті жар, ибалы келін болып отырған Ашаның арманы бар ма?

– Армандар ешуақытта таусылмайды. Менің ең бірінші арманым – жақындарымның амандығы. Сүйікті жарымды жолықтырдым, енді кішкентайлы болсақ деп тілеймін. Содан кейін кешкі көйлектердің дизайнері атансам деп жүрмін. Мұнымен қатар, тележүргізушілікті де қоя алмаймын. Тек алға басып, көптеген жобаның жетекшісі болсам деген арманым бар.

12237157_539833792847330_1824567802_n

Тележүргізуші болашақ сәбилерінің бойына қазақы дәстүр мен ибалы тәрбиені сіңірсем дейді. Шетел тілдерін меңгермесе де, олардың ана тілін жетік білгенін қалайды.

“Соңғы кезде Қазақстан мектептерінде пәндерді үш тілде оқыту мәселесі көтеріліп жатыр. Менің ойымша, барлық пәндерді ағылшын тілінде оқу мүмкін емес. Қытай тілі де қосылып жатыр. Ал енді бір-екі пән ағылшын тілінде жүреді десе, еш қарсылығым жоқ. Іссапармен немесе демалуға шетелге шығып қалсақ, ағылшын тілі керек болып тұрады. Оны меңгере алмағыным үшін қатты өкінемін. Басқаны меңгермесе де, қазақ тілін жетік меңгеру керек. Қазақ тілі – ең қиын тіл. Оны толық меңгерген адам басқа тілдерді оңай меңгеретіні сөзсіз”, – деп тележүргізуші ана тілінің орны қашан да ерек екенін жеткізді.

Көпшілік соңғы кездері Аша Матайдың суреттеріне қарап тұңғышына жүкті деген болжамдар айтып жүр. Ырымға сенетін актриса бұл ақпаратты растаған жоқ. Сондай-ақ, жоққа да шығармады. Тек алдағы уақытта қуанышты жаңалығымен бөлісуге уәде етті. Соған қарағанда жұрттың болжамы бос сөз емес сияқты. Оның үстіне әңгіме барысында Аша бала тәрбиесі, нәрестеге есім беру туралы ойланып жүргенін де жасырмады.


Жіберіп алмаңыз:

Аша Матай: “16 қыз” фильмінде мен кейіпкермен сүйісетін көрініс бар

Айтжанов пен Нүрпейісов Аша Матайға таласып жатыр

Желі қолданушылары Аша Матайды жүктілігімен құттықтап жатыр

Аша Матай Балидағы бал айының суреттерін көрсетті

Аша Матай күйеуімен бал айын өткізуге Балиге кетті

 

Талқылау