Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Романтикалық кеш: Аша Матай туған күнін Арман Қоңырбаевпен бірге атап өтті

Әнші, актриса, тележүргізуші Аша Матай 31 жасқа толды. Әдетте туған күнді достарымен бірге атап өтетін жұп бұл жолы оңаша тойлады. 

Арман Қоңырбаев жарының суретін желіге салып, туған күнімен құттықтады. Аша Матай екеуі туған күнді 30 қабатты қонақ үйде атап өтті. 

Туған күн сәттері әншінің желідегі парақшасында жарияланды.

Ашаның жақындары мен достары жүрек жарды жазбасын арнап, құттықтасып жатыр. 

Желідегі оқырмандары жұптың бірге екенін көріп, қуанысып жатыр. 

Бұған дейін Аша мен Арман ажырасып кетті деген қауесет тарады. Екеуі парақшасында бір-бірінің суреттерін өшіріп, бірге жүрген фотоларын жарияламай кетті. Тіпті Аша бөлек үйге көшкенін айтып, елді қызықтыра түсті. Кейіннен бұның хайп екенін өзі мойындады. 

"Құттықтауларыңызға рақмет, жандарым! Бүгінгі күн керемет өтті. Тілектеріңізді оқып, жүрегім жылып отыр. Маған не жазсаңыз, соны 2 есе өзіңізге тілеймін!!! Видеомызды бағалап, лүпіл қойып жіберсеңіз тіптен мәз болып, тәтті ұйқыға батар едім", - деді Аша.

"Қайта қайта көрдім. Күшті жарасып тұр", - деп жазды Жазира Байырбекова.

"Туған күніңіз құтты болсын! Екеуіңіз ешқашан айырылмаңыздар. Жұптарыңыз жазылмасын", "Бақытты болыңыз, көп балалы ана болыңыз", "Тек бақыт, бақ, береке тілеймін", "Сіздерді жақсы көреміз, бастарыңыз аман, бауырларыңыз бүтін болсын", - деп жазды желідегі жанкүйерлері.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 23 Желтоқсан, 2020 12:55
Талқылау