AAPL
164.87 $
-0.29 %
TSLA
871.27 $
0.78 %
NDAQ
182.85 $
0.43 %
GOOGL
117.3 $
-0.14 %
FRHC
54.37 $
-4.46 %
AAPL
164.87 $
-0.29 %
TSLA
871.27 $
0.78 %
NDAQ
182.85 $
0.43 %
GOOGL
117.3 $
-0.14 %
FRHC
54.37 $
-4.46 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аша Матай: Мен керемет дауыс иесі емеспін

10 жылға жуық Mysterions тобында, онымен қоса соңғы жылдары жары Ашамен жұп болып сахнаға шығып жүрген Арман Қоңырбаев енді жеке әнші ретінде танылмақ. Ара-тұра ән жазумен айналысатын Арман алдағы уақытта елді тағы да басқа өнерімен таңғалдырмақ ниетте.

Аша Матай: Мен керемет дауыс иесі емеспін

Арман мен Аша “Түнгі студия” бағдарламасына қатысып, соңғы жаңалықтарымен бөлісті, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.

“Бұрыннан жеке әнші ретінде шығу ойында болатын. Мен керісінше, “сені қызғанамын, бірге айтайық” деп тоқтатып жүретінмін. Қалжың (күліп). Иә, дуэт болып ән шырқадық. Бірақ кейін Арманды кері тартып жатқан сияқтымын деп ойладым. Неге десеңіздер, мен кәсіби әнші емеспін. Керемет дауыс иесі емеспін. Өзіме тән әдемі дауыс ырғағым бар, әрине. Дегенмен, “Сен менен асқан әншісің. Шыққаның дұрыс болар”, – дедім. Сөйтіп өзі шешті”, – деп түсіндірді Аша.

Сондай-ақ, тележүргізуші отбасын құрғаннан кейін өзінің қалай өзгергенін айтып берді.

“Салмақты бола түстім. Жас болған кезде ойыңды бетке айта саласың. Тұрмыс құрғаннан кейін, балалы болғаннан кейін әйел адамға жараспайды. Арман салмақты болғаннан кейін, мен де оның қасында өзімді солай ұстаймын. Ал Арман керісінше, ашылып, кішкене әзілдейтін болды”, – дейді Аша.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр