Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аша Матай келіндік міндетін атқара алмай, енесінен ұялып жүр

Ел алдында жүрген арулар, жұлдыз болғанына қарамастан келіндік міндетінен қашып құтылмақ емес. Мәселен, ақ жаулықты Аша Матай өзіне тиісті парызының кейбірін орындамайтын көрінеді. Өнер иесі енді енесінен ұялып жүр…

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

“Кейбір кездері өзімді ыңғайсыз сезінем. Көбінесе түсірілімдерде жүрем, гастрольдік сапарларым бар. Содан кейін, үйге келгенде ішімдегі нәрселерім, ыңғайсыздық болып тұрады да. Ойбу, мен тамақ жасаған жоқпын, үй жинаулы емес деген сияқты”, – дейді Аша Матай.                                          

Түсірілімдерден дамыл көрмейтін Аша Матай, келіндік міндетін бұлжытпай орындауға тырысады. Отбасының «отымен кіріп, күлімен шығуға» әрдайым әзір. Ал, әнші Шахизада кезінде нағыз «жұлдызды келін» болғанын айтады.

“Енем бір, үйді жинаймын, көмектесейін деп бауырсақ жасап жатыр екен. Барып бірдеңеге көмектесейін десем, жо-жо-жоқ айналайын көмектеспей-ақ қой, өзім жасаймын, тырнақтарың сынып қалады деді”, – дейді әнші Шахизада.

Ал, Қазақстан аруы Айдай Исаеваның Шымкентке келін атанғанына бірнеше жыл болса да, отбасылық өмірде «білетіні бір тоғыз, білмейтіні тоқсан тоғыз».

“Мен әлі күнге шейін қамырды жая алмаймын. Менің қайын сіңлім, үйде бірге тұрамыз. Ол торт жағынан, илеу жағынан ол маған үйретеді негізі. Бірақ мені кішкентай кезімде мамам ешқашан жұмсаған емес”, – дейді сәнбике Айдай.

Алайда, ата-ененің алдында зыр жүгіру әр қазақ қызының мәртебелі міндеті. Мұны жақсы ұғынған Айнұр Ілиясованың, жас келіндерге айтары бар.

“Тек қана жаңа жұртқа үйрену керек, жаңа туысқандарға үйрену керек. Оларды ең бастысы мына жүрекпен сүю керек. Сонда бәрі жақсы болады”, – дейді актриса Айнұр Ілиясова.

Жіберіп алмаңыз:

Әйкерім Қалаубаева мен Нұрлан Әлімжанның көңіл қосқаны рас па?

Айқын сүйіктісі Жұлдыз Өмірғалиге продюсер болмақ

Қыз баламен сүйістім: Айсәуле Бақытбек туралы сіз білмейтін 10 дерек

Нұрсұлтан Назарбаев Алтынай Жорабаеваны дүйім жұрттың алдында құттықтады (видео)

Талқылау