Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аша Матай екі қызын қалай жазалайтынын айтып берді

Әнші, актриса, тележүргізуші Аша Матай Айнұр Ілиясоваға берген сұхбатында өзінің қандай ана екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

©instagram.com/asha_matai

“Мен – қатал анамын, мінсіз емеспін. Балаларды ұрып-соғуға қарсымын, бірақ менің ашуланғандағы көзқарасымнан балаларым қорқып кетеді. Мен балаларыма дауыс көтеремін, ұрысамын, белігілі бір уақыт мүлдем сөйлеспей қоямын. Себебі бала ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін түсінуі қажет. Кей құрбыларымның балалары анасына “сен ақымақсың” дейді. Мен мұны мүлдем түсінбеймін, мен үшін өте өрескел дүние екенін өздеріне де айтқанмын. Ал олар үшін бұл қалыпты дүние.Мұны ана мен бала арасындағы жақындық деп түсінеді. Бала анасымен, әкесімен, жалпы үлкендермен олай сөйлеспеу қажет. Қыздарыма кейбір сөздері үшін, дөрекі жауабы үшін ұрысамын. Олар басқа бөлмеде отырып, мен шақырғанда келмеуі – дұрыс емес”, – дейді Аша Матай.

Алайда ол қыздарына өзінен басқа ешкімнің ұрысуына жол бермейді.

“Бірақ менен өзге адамдардың қыздарыма ұрысуға хақысы жоқ. Қыз бала анасын кешіруі мүмкін, бірақ әкесін кешірмейді. Әке қызына мейірімін төгіп, еркелігін көтеру керек. Егер қызының кей қылығы ұнамай қалса, ол жайлы балаларының анасына айтады, әрі қарай шеше балалардың тәрбиесімен айналысады”, – дейді Аша өз тәжірибесімен бөлісіп.

Талқылау