Аша Матай: Ажырасу көбейіп кеткендіктен, жалғыз жүрген жандарды қосуымыз керек
Атышулы “Қалаулым” бағдарламасы жарыққа шыққан күннен бастап қоғамда дау туғызды. Бағдарламаға кереғар пікір айтушылар көп. Тіпті, оны жауып тастауды өтінген адамдар баршылық. Ал эфир тізгіншісі Аша Матайдың бұған қатысты пікірі қандай?
Бұл сұраққа Аша “Караван” басылымына берген сұхбатында жауап берді.
– Сіз жүргізетін «Қалаулым» бағдарламасы, көпшілік арасында «Мини–Дом2» аталып, қазақ тілді көрермендер арасындағы рекордтты жаңартуда. Неліктен дәл осы бағдарламаға бардыңыз?
– Себебі, біз көрермен көңілінен шыға білдік және күн сайын 3 сағат бойы осы сенімді ақтауға тырысамыз. Бірақ біздің мұндағы басты міндетіміз – экран алдында адамдар тобын жинау емес, жалғызбасты жандарға өзінің екінші жартысын табуға көмектесу.
Әртүрлі қатысушылар бар, барлығы шынайы махаббатын жолықтыру мақсатында келеді. Ал үміткерлердің арасында шынайы махаббат іздеп, отбасы құру ниетімен келетіндермен қатар, жай ғана пиар іздеп келетіндері де бар. Бұл өкінішті. Ондай қатысушылармен мен күрес жүргізуге тырысамын. Қолдамаймын оларды. Біздің бағдарлама – үйленуге ұласатын шынайы, таза қарым-қатынастарды қалыптастыруға септігін тигізуге арналған жоба.. Қазір елімізде ажырасу көбейіп бара жатыр.
Осы мәселелерді ескере тұра, жалғыздықтан жаураған жүректерге барынша жәрдем көрсету – біздің басты мақсаттарымыздың бірі.
– Жоқ, мүлдем олай емес. Көпшіліктің ойынша, біздің кейіпкерлер – өз рөлін сомдайтын актерлер, ал әр шығарылымның дайын жоспары бар деп санайды. Шындығына келсек, олай емес. Бағдарламада әртүрлі жағдайлар болады.
Әрине, кейде қатысушылар өзара тіл табыса алмай, жаға жыртысып жатады, бұл жағдайлар бізді қуанышқа бөлемейді әрине, бірақ өмірде де ұқсас жағдайлар орын алып жатады ғой… Ал біз, өмірдегідей шынайы жобамыз.
Мен қатысушыларымды осы қылықтары үшін жиі сынға алып отырамын, себебі әр нәрсенің белгілі бір шегі болады. Теледидар – тәрбие берудің бірден-бір құралы болып табылады. Бірақ, көпшілік мұны рейтинг жоғарылату үшін арнайы жасалынып отырған дүние деп ойлайды. Маған оның қажеті жоқ.
Кез-келген арна өз рейтингтерін көтеру үшін жұмыс жасауы бір бөлек, бірақ бұл экранда тек шынайы жағдайлар болғанда ғана көрерменнің жүрегінен орын алатынын ұмытпағанымыз жөн.
– «Қалаулымнан» кейін Сіздің өміріңіз өзгерді ме?
– Бастапқыда, біз мұндай жобаны көрерменге ұсынуға қорықтық. Мен қатты толқығанмын. Бірақ көріп отырғандарыңыздай, біз күткеннен де жоғары нәтижелерге қол жеткізіп жатырмыз. Телевизиялық бум орын алды десек те болады.
Қазір қорқыныш жоқ. Себебі біз игі іс жасап жатқанымызға сенімдімін. Екі жарты бір бүтін болып, отбасын құрғаны қандай керемет.
Жіберіп алмаңыз:
Атышулы КешYou тобынан Сара Амангелді не себепті кетті?
Қолаң шаш, шие ерін: Ғалымжан Молданазар жаңа образымен жұртты таңғалдырды (видео)
Үштікке айналған “Меломен” тобы тыңдарман көңілін қалай табарын білмей жүр (видео)
Индира Расылхан Динара Сұлтаннан еш кем еместігін айтып, Мейрамбекке ренжіді (фото)