Аша Матай Айсәулеге соңғы үлгідегі Iphone X телефонын сыйлады
Айсәуле Бақытбек бөлесі Аша Матайдың өзіне соңғы үлгідегі Iphone X телефонын сыйға тартқанын айтып мақтанды. Ол Ашаны өзге қыздар сияқты кумир көретінін айтып, балалық шағының естелігімен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz.
“Туған-туыстармен жақын қарым-қатынасты сақтау керектігі туралы ойланып көрдіңіздер ме? Әрине, барлық туыстарыммен жолым болды деп айта алмаймын. Алайда араласатын туыстарымның әрқайсысы бір төбе. Бүгін Боташа маған жаңа телефон сыйлағандықтан олай айтып отырған жоқпын. Онымен әртүрлі әңгімеде сөйлесе аламын, мені сөкпейтінін білемін. Бала күнгі естеліктер үшін оны жақсы көремін. Боташа екеуміз шыны ыдыстағы кола сатып алу үшін велосипедпен баратынбыз”, – деп еске алды Айсәуле.
Алайда бойжеткен әпкесінің өзіне талай мәрте доқ көрсеткенін де жасырмады.
“Бала күнімде ағам екеуі мені ваннаға қамап қоятын, бетіме жарық түсіріп, есікті құлттап, қорқытатын. Ал бүгінде ол миллиондаған қыздың (оның ішінде мен де бармын) кумирі. Керемет қыз, әйел, ана, сондай-ақ табысты әрі тәуелсіз бикеш, соған қарамастан әзілді түсіне білу қасиетін әлі де жоғалтпаған. Қысқасы менің жаңа Х-ме түсірілген жаңа фотоны қабыл алыңыздар”, – деп мақтанды Айсәуле.
Айта кетейік, Аша Матай мен Айсәуле Бақытбек туған бөлелер. Аша Матайдың анасы Бәтес Мақсатқызы продюсер Баян Алагөзованың туған әпкесі.
Жіберіп алмаңыз:
Баян Алагөзова Мөлдір Әуелбекованың шағымына жауап берді
Науқас балалардың арманын орындаған Қайрат Нұртас көпшілікті сүйсіндірді (фото, видео)
Айқын: Тойға шақырылмайтын әнші нағыз жұлдыз емес
Балғынбек Имашев: “Жүрсіннің жүйрігі” болсақ та, жекеменшік ақыны емеспіз