Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айқын: Тойға шақырылмайтын әнші нағыз жұлдыз емес

Айқын концертте де, тойда да тек жанды дауыспен ән айтатын бірегей әншілердің қатарында. Оның әндерін халық сүйіп тыңдайды, сәйкесінше тойға да жиі шақырады. Айқынның айтуынша, той-бизнес – тек қана әншілердің табыс көзі емес, сонымен қатар қазақ эстрадасын дамытудың бірден-бір жолы.

Айқын Төлепберген Hit-TV арнасының “Кездер-ай” бағдарламасына сұхбат берді, деп жазады Stan.kz.

“Той деген қазақтың бұрыннан келе жатқан салты ғой. Оны бәрібір алып тастай алмайсың. Егер той болмаса, Қазақстан эстрадасы да, әндердің сапасы да дамымас еді. Мысалы, мен отандық жобаға қатыстым. 9 мемлекеттің әншілері келді. Неге олар бізге келді? Себебі Қазақстан эстрадасының ғана емес, телеарналардың да сапасы қазір жоғары. Шоу түсіру мемлекеттің және халықтың қолдауымен жүзеге асып жатыр. Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан сияқты елдермен салыстырғанда, Қазақстанда гонорар өте жоғары. Менің ойымша, бұл – тойдың, халықтың арқасы”, – дейді Айқын.

Сонымен қатар, әнші отандық шоу-бизнес өкілдерінің екіге бөлініп алғанын айтты. Ол тойға шығатын әншілерді менсінбейтін “кәсіби” өнерпаздарға қатысты пікірін білдірді.

“Әрине, тойда фонограмма жағы құртады. Ондайды “халтура” дейді. Шығып, аузын жыбырлатып, ақшасын алып кетеді. Бірақ той деген сұраныс. Ал сұранысты халық жасайды. Той да кішігірім концерт. Мысалы, Ақтау, Атырау сияқты қалаларға барсаң, концертіңе 500-600 адам келеді. Ал тойда 300-400 адам. Ол да концерт сияқты кеш. Халық әншіні аспанға қарап таңдамайды, өзінің жақсы көретін әншісін шақырады. Сондықтан тойы көп, концерті көп әнші ол нағыз жұлдыз. Кей әншілер бар, жастарға арналған заманауи әндер шығарып жатады, клиптері мықты. Бірақ тойға ешкім шақырмайды. Басқа аудан орталықтарына, ауылдарды аралап, концерт бермейді. Себебі ешкім келмейді. Өздерін жұлдыз санайды. Ол енді әнші, бірақ нағыз жұлдыз тойға көп шығатын, концерт көп беретін әнші”, – дейді Айқын.

Жіберіп алмаңыз:

Түсіпбаева: Басқа маман иесі болсам, күйеуіммен ажыраспас едім

Роза Әлқожа артық салмағы үшін жылдар бойы елден қысылып келгенін айтты

Сиситай: Баян Мақсатқызы түсірген жаңа фильмнің трейлері желіні “жарды” (видео)

Қалыңмал берген жоқ: Нұрбигүл Егізова келін болып түскен өңірдің елде жоқ салттары туралы айтты (фото)

 

Талқылау