Аша Матай атышулы 91 тобымен болған даудың нүктесін қойды
Жуырда ғана ЕМА-2017 музыкалық жүлдесін табыстау салтанатында 91 тобына сын айтқан Аша Матай елді біраз шулатқан еді. Әсіресе, Ninety one тобының жанкүйерлері Аша Матайдың 91-ден кешірім сұрауын талап еткен-ді. Бұған дейін үнсіз болған тележүргізуші бұл жолы eaglez-дардың сынына жауап берді.
Бұл туралы Muzzone арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Аша Матайға 91 тобының «Су астында» деп аталатын ән мәтініндегі «Шоу-бизнес су астында болды» деген жолдары ұнамай қалған. Тележүргізуші сахна төрінде бұл сөзбен келіспейтінін айтқан болатын.
«Менің ол топқа да, продюсерлеріне де еш қарсылығым жоқ. Ара-қатынасымыз өте жақсы. Мұны жігіттердің өзі де растайды. Менің жігітерге айтқаным, оның сөздеріне қарсы шыққаным емес, ұнатпағаным. Ал жігіттердің өнеріне өте жақсы қараймын. Әндерін де тыңдаймын, ең бастысы, сөйлеген кезде әр адам ойланып барып сөйлеу керек. Өзім кәсіби тележүргізуші болғаннан кейін оны айтпағаным дұрыс болмаушы еді. Сондықтан да айтуға бел будым», – дейді Аша.
91 тобының әндерін тыңдайтын Аша дәл осы әнді ЕМА-2017 кешінде алғаш рет естігінен жасырмады.
«Қайтадан» және «Мұз» әнін білемін. Бірақ шоу-бизнеске қатысты әндерін естімеппін. Ән мәтінінде болса да, бұл сахна төрінде айтылмайтын сөз секілді», – деп мәлімдеді Аша.
Жіберіп алмаңыз:
“Айырылыстық” деп жар салған Дәурен мен Ақбота ұсталып қалды
Жанар Дұғалова тұрмысқа шыға ма? (фото)
Айгүл Иманбаева: Сәбиттің ата-анасына әлі күнге дейін сәлем салып, “мама, папа” деймін
Қайрат Нұртастың әкесі отбасын асырау үшін дәретхана жуған кездерін еске алды