Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аша Матай: "Арман екеуіміздің дуэтіміз орала ма, жоқ па білмеймін"

Отандық актриса, тележүргізуші Аша Матай “Таңшолпан” бағдарламасына берген сұхбатында күйеуі Арманның өнерден алыстап кеткенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

©instagram.com/asha_matai 

Жұлдызды жұптың дуэті сахнаға шығып, тыңдарманын қуантуы екі талай.

“Қазіргі таңда Арман бизнеске кетіп қалды. Кәсіпкерлікке бет бұрған соң отағасының шешіміне қарсылық білдірмедім. Негізі анда-санда ән жазып қоятыны бар. Бірақ біздің дуэт орала ма, жоқ па, оған нақты жауап бере алмаймын", - дейді Аша Матай. 

Сондай-ақ Ашаның өзі де әншілік пен актрисалық мансабын тоқтатып қойды.

“Мен өнерге әнші ретінде келдім. Ол менің хоббиім болатын. Содан кейін актриса болып кеттім. Бірнеше кинода басты рөлді сомдадым. Кейін тележүргізушілікке бет бұрған кезде бұл менің таңдауым екенін түсіндім. Сөйтіп “үш кеменің басын ұстаған суға кетіп қалар ма екен деп” қорқып, бір бағытта жүруге бел будым. Сол дұрыс деп ойлаймын. Бірақ түбегейлі бас тарттым деп айтпаймын. Тек ол саланың өз кәсіби мамандары бар және сол атаққа лайықты деп ойлаймын. Мен өз ісімнің маманы болсам, сол маған жеткілікті. Анда-санда бағдарламаларда, той-томалақтарда ән айтуым немесе кинода рөлдерді сомдауым мүмкін. Бірақ телевидениеге басымдық беремін”, – дейді тележүргізуші.

Талқылау