Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аша Матай үш ай ішінде 27 кг тастағанын айтып мақтанды

Аша Матай аз уақыт ішінде көп салмақ тастауының құпиясын ашты.

16229434_735214083319400_2564041006936752128_n

Фото: instagram.com/asha_matai/?hl=ru

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.

Қайырымдылық жәрмеңкесінің ұйымдастырушылары шараның ойдағыдай өткенін айтып жатыр. Қажетті сома жиналмаса да, балалары жақсы ақшалай көмек болмақ. Келген қонақтарға киімдерді көрсетіп жүрген Аша Матай оларға киімдерін көрсетіп қана қоймай, бірге суретке түсуде. Арасында кішкентай бөбегін емізіп, ұйықтатып та үлгеріп жүр. Жас ана баласын үнемі өзімен бірге алып жүреді екен.

“Кішкене баламен қиналып жүрмін деп айта алмаймын. Кез келген әйел дүниеге сәби әкелуді мақсат тұтады. Сол себепті, бұл – үлкен бақыт. Өзіммен бірге алып жүруім де бақыт. Ең бастысы, ауырып қалмаса екен деп Алладан тілейміз. Қызымызды көзден, тілден, суықтан барынша сақтандырып жүреміз. Өкінішке орай, үйде тастап кететін адамым болмағандықтан, осында өзіммен бірге алып келуіме тура келді. Маңдайына күйе жағып қойып әкелдік”, – дейді Аша Матай.

Кішкене Асылым кіндік шешесі Ольга Кимнің дүкенін де жақсы ұйықтайды екен. Ал бұрынғы мінсіз келбетін аз уақыт ішінде қайтарған Ашаға желідегілер таң қалып жүр.

“Барлығы “Қалай арықтадың? Үш айдың ішінде бұл мүмкін емес!” деген бір сұрақты қояды. Мені перзентханадан шыққан кезде көрген қыз-келіншектердің барлығы таң қалып жатыр. Менің атымнан бір дәріні жарнамалап жүр екен. Ол дәріні көрген де, дәмін татқан да емеспін. Оны қалай қолданатынын да білмеймін. Менің атым мен жүзімді не себепті пайдаланып жатқандарын түсінбеймін. Бірақ мен ол затты мүлдем қолданған жоқпын. Арықтауымның формуласы – көтеріңкі көңіл-күй. Баламды ұйықтатып жүріп физикалық жаттығулар жасаймын. Соның көп көмегі тиеді. Сүтім азайып кетпеуі үшін диета ұстамаймын. Сүт қатқан шай, сорпа ішемін, ет пен қамырды да жеймін. Кесаревомен туғандықтан, жаттығу залына жарты жыл бойы бара алмаймын. Осыған бола кейде көңіл-күйім түседі. Бірақ барлығы алда деп ойлаймын. Әлі өз салмағыма келген жоқпын. Әлі 7 кг тастауым қажет. Бала туғанына үш ай болған әйел үшін сымбатым жаман емес секілді. Жүктілік кезінде 34 кг қосқанмын, жуырда 27 кг тастадым”, – дейді Аша Матай.


Жіберіп алмаңыз:

Мақпал Исабекова шектен шыққан еркелігі үшін халықтан кешірім сұрады

 Дизайнер Жадо 8 баласымен адам шошырлық жағдайда тұрып жатқан анаға көмек көрсетті (видео)

Ділназ Ахмадиеваның анасы: Қызым үш рет тұрмысқа шықса да, қарсы емеспін

Карина Абдулинна өзі іздеген жігітпен көңіл қосты (фото)

Талқылау