Әсет Исекешев "Астана ЛРТ" ЖШС экс-басшысының ісіне қатысты пікір білдірді
Әсет Исекешев "Астана ЛРТ" компаниясының экс-басшысының ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Нұр-Сұлтанда өткен жас ғалымдар форумы аясында елорданың бұрынғы әкімі Әсет Исекешев "Астана ЛРТ" экс-басшысы Талғат Арданға қатысты тергеу жұмыстары туралы айтты.
"Біз оны қызметінен босатқан кездің өзінде құқық қорғау органдарына бірқатар материалдарды жіберген болатынбыз. Қазір тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Құқық қорғау органдары ақпарат беретін болады", - дейді Әсет Исекешев.
Талғат Арданға қатысты қызмет бабын асыра пайдаланды деген күдік бойынша тергеу 2018 жылдың жазында басталған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, "Астана ЛРТ" ЖШС бұрынғы төрағасы Талғат Арданды интерпол халықаралық деңгейде ізделетін адамдардың тізіміне алғанын жазған болатынбыз.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн