"Әселдің балаларын ойлаған жоқсың": Жұлдыз Өмірғали марқұм әкесін айтып, жылап қалды
Фото: Видеодан скриншот
Танымал әнші Жұлдыз Өмірғали марқұм әкесін айтып, көз жасына ерік берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі балалық шағын есіне алды.
“16 жылдан бері әкесіз өсіп келе жатқан қыздардың қатарынанмын. 14 жасымда әкем о дүниелік болды. Бұл фильм маған қатты әсер етті. Кез келген адамда уақытты артқа қайтарып ата-анасын құтқарып қалуға мүмкіндік болса, барлығын істейтін еді. Мен де бар күшімді салатын едім", – деп жылады әнші.
-
Айқын Төлепбергеннің экс-жұбайы жалғызбасты ана болудың қиындығын бөлісті
-
"Көпбалалы әкеге қандай жеңілдіктер бар": Айқын мен Жұлдыз бесінші баласын күтіп жүр
Желі қолданушылары әншінің жұбайы Айқын Төлепбергеннің бірінші отбасындағы балаларын қызу талқыға салды.
“Осыған түк жаным ашымайды. Бұл да балаларын әкеден айырды ғой", "Бірінші әйелдің балалары да әкесіз өсіп жатыр", "Сен де Әселдің балаларын әкесіз қалдырдың. Махаббаттан өлген ешкім жоқ. Екі баласын тірі жетім қылдың", "Бірінші әйелін ойласам көзіме жас келеді", – деп жазды олар.
Еске салайық, Жұлдыз Өмірғали Айқынның бірінші әйеліне қолдау білдіріп, тұңғыш кітабының жарық көргенімен құттықтаған еді.

Қазақстандық көпбалалы ана "Асар Уме" қайырымдылық қорын апатты үй берді деп айыптады
