Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әсел Жанасова сауда және интеграция вице-министрі қызметінен босатылды

Әсел Жанасова Қазақстанның сауда және интеграция вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Үкіметтің қаулысымен Әсел Жұбанышқызы Жанасова басқа жұмысқа ауысуына байланысты сауда және интеграция вице-министрі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Әсел Жанасова 1987 жылы Алматыда дүниеге келген. Кембридж университетін бітірген.

2016-2017 жылдары - "Зерде" ҰБХ" АҚ басқарма төрағасы.

2018-2020 жылдары - "Астана" халықаралық қаржы орталығының цифрлық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры.

2020 жылдың шілдесінде ол Қазақстанның сауда және интеграция вице-министрі болып тағайындалды.

Талқылау