Асау ат Дананың бейнебаянына түсіп жатқан басты кейіпкердің басына теуіп жіберді (фото)
Әнші Дана Маханбаева жаңа әнге бейнебаян түсіру кезінде басты кейіпкердің басына асау аттың теуіп алғанын айтты. Маханбаева қыз ұзатып жүрген әріптестерінің ізін жалғап, тойға арналған ән жазды. Енді соны кеңінен насихаттау мақсатында клип те түсірген еді.
Өзі ұзатып жүрген қыздарға өмірлік тәжірибесінен ақыл айтып шығарып салатын Дана осы әннің арқасында тойға жиі шақырту ала бастағанын да жасырмады.Әнші Stan.kz тілшісіне жұртты шошытқан, түсірілім барысындағы түсініспеушіліктер мен қауіпті сәттер туралы толық айтып берген еді.
– Жаңа бейнебаянның тұсаукесері құтты болсын. Дəл осы əнге бейнебаян түсіру кімнің идеясы болды?
– Бұл əнге бейнебаян түсіру Əдекеңнің ойы болды. Əннің менің репертуарыма қосылуы да қызық болды. Өткен жылы біз Қытайға концерттік сапармен барған едік. Сол кезде осы əнді естіп, авторынан рұқсат сұрап алып келдім. Кейін өнердегі ақын құрбым Индираға ұсыныс білдіріп, əдемі сөз жазылды. Ал, бейнебаянның идеясы толықтай отағасының ойымен жасалды. Ол кісі сюжетен бастап, киетін киім, қолданатын реквизиттерге дейін үлкен көңіл бөлді.
– Үлкен шығармашылық топ жұмыс жасаған түсірілім барысындағы қызықтар туралы айта өтсеңіз.
– Қазір айтсам қызық шығар. Бірақ, сол кезде өте қауіпті жағдайлар көп болды. Бейнебаянға түсетін аттарымыз асау болды. Нəтижесінде ғашық жігіттің образын сомдаған кейіпкеріміздің басын ат теуіп, одан қала берді күймемізді аударып тастаған сəттер əлі көз алдымда. Əйтеуір, бағымызға орай ешкім үлкен жарақат алмады.
– Бейнебаянға жұмсаған қаржы туралы білгіміз келіп отыр?
– Бұл енді коммерциялық құпия болып қалсын. Бірақ, арзан емес. Өйткені, бейнебаян түсіруге 70-ден астам адам ат салысты. Жəне қазақы нақыштағы жабдықтардың өзі арзан емес. Үш образдағы менің көйлектерімнің де бағалары қымбат. Алайда, ең бастысы бағасы емес, сапасы.
– Соңғы кездері барлық нəзік жанды əншілеріміз қыз ұзатуға арналған əн жазуда. Бұл əн той бизнестің бəсекесіне қабылетті деп ойлайсыз ба?
– Дұрыс айтасыз. Қазір əріптестерім осы тақырыпта сан түрлі əн жазуда. Дегенмен, əркімнің өз бағыты мен əдемі дауысы бар. Сондықтан, менің орындауымдағы əн бəсекеге 100% сай деп ойлаймын. Өйткені, ұнатып, жылы лебізін білдірушілер өте көп.
– Тойға осы əнмен қаншалықты жиі шақырады? Сізді ұзату тойына шақырғысы келген əулет қанша ақшасын дайындау керек? Орта есеппен гонорар қанша?
– Қуанышымызға ортақтасып, қызымызды ұзатып берсеңіз деген өтінішті білдірушілер көп. Күн сайын артып келеді десем де болады. Ал, еңбекақыма келер болсақ, қатып қалған баға жоқ. Ақылдаса келе, халықтың да қалтасына ауыр тимейтіндей етіп орта бағаны ұстауға тырысудамыз.
– Отағасымен өнер таныстырып,табыстырғанын білеміз. Алайда, толығырақ өзіңізден білсек… Ол кісінің қандай қасиетін бағаладыңыз? Романтик азаматтардың қатарына қоса аласыз ба?
– Əдікеңмен киелі қара сахнада таныстық. Ол кісінің адамгершілігі, жауапкершілігі, бастысы екі сөйлемейтін ерге тəн қасиеті мені баурап алды десем болады. Ол кісінің етегінен ұстап, соңынан ілессем адаспасымды да, жаңбырға жаурамасымды да сездім. Бірақ, отағасын романтик деп айта алмаймын. Маған тосын сый, романтика жасамады деп өкпелейтін келіншектердің де қатарына өзімді қоса алмаймын. Сондықтан, бұл тұрғыда өмір сүру, түсіну біз үшін өте оңай.
– Бала тəрбиесіне қаншалықты көңіл бөлесіз?
– Балаға əкенің де, ананың да тəрбиесі ауадай қажет. Саналы бала тəрбиелеу үшін көп ақша емес, көп уақыт бөлу керек. Əкенің қабағы, ананың ақылы теңдей болса ғана ұрпағымыз сауатты өседі. Өзіміз “əкең келе жатыр” деген сөзді естіген кезде бірден жинақталып алатынбыз. Ұл-қыздарымды солай өсіруге тырысып жатырмын. Бұл əкеден қорқу емес, əкені сыйлау болып табылады.
– Көп қыздарымыз:”тұрмысқа шығайын десем жақсы жігіт жоқ”,”жігіттеріміз қыз жоқ ” дейд. Сіздің сырт көз ретінде пікіріңіз қандай? Заманға сай талғам өскен бе? Əлде жастардың таңдаулары күшейген бе?
– Бұл енді қоғамдағы үлкен дерттің бірі десе болады. Себебі, қыздарымыз бəрінің тез əрі оңай болғанын қалайды. Адамгершілік емес, əлеуметтік жағдайды бірінші орынға қояды. Көлігі, үйі, жұмысы болса деп ойлайды. Бірақ, “бас екеу болмай, мал төртеу болмайды” деген сөз бар. Сондықтан, əлі жетістікке жетпеген жігіттердің намысын таптау қателік деп білемін.
– Жалпы қыз бала болашақ жарын қандай қасиеттеріне қарап таңдау керек?
– Өмірлік жар таңдаудағы басты қағида – жауапкершілік. Ер азаматтың қалтасына емес, бойындағы жауапкершілігіне назар аудару керек. Өмірдің сын сағаттарында өзіне аманат етіп алған жарына ол жігіт қаншалықты қолдау көрсетіп, қорған бола алады. Міне, осы маңызды. Əрине, махаббат та керек. Онсыз дүние бос.
– Махаббат өшеді. Сыйластық қалады деген пікірмен қаншалықты келісесіз?
– Меніңше, махаббат пен сыйластық егіз ұғым. Бірі өшіп, бірі қалады дегенге келіспеймін. Сыйластық құрыған жерде махаббат өшеді. Ал, махаббат жоғалған жерде сыйластық болады деу де өтірік.
– Бақытты əрі берік отбасының басты қағидалары қандай?
– Бақытты əрі берік отбасы болу үшін сабыр мен шыдамдылық керек. Өмір сіз бен біз бала кезімізде елестеткендей алқызыл ғана сəттерден тұрмайды. Оның да қара бұлтты, мұңлы, қиын кездері болады. Сол кезде бір-біріне қолдау көрсетіп, сабыр ету керек.
– Үйде ыдыс -аяқ сылдырлайды ма? Кім бірінші ұрыс бастап, бірінші кешірім сұрайды?
– Əрине, “ұрыспаймыз” десем өтірік болар. Кейде болады өзара қабақ шытып, ренжісіп қалатын кездеріміз. Көбінесе мен өзімнің ойымды ашық айтамын. Жəне ренжісем де, өкпелесем де, қуансам да басын ашып сөйлескенді жақсы көремін.
Сондай кездерде артық сөз немесе сабырсыздық орын алуы мүмкін. Бірақ, қателігімді түсінген кезде лезде өзім бірінші кешірім сұраймын. Негізі отбасында əйел адам бірінші кешірім сұрап, ибалық көрсетсе ешқандай айқай -шу болмайды деп ойлаймын. Жəне өзім ұзатып жүрген, ұзататын барлық қыздарға сабыр, шыдам жəне кешірімді болуды тілеймін.
Оқи отырыңыз:
Есімов елбасыға ЭКСПО аяқталған соң нысандарды қалай пайдалануға болатынын айтты
Халқы танымайтын парламентте қартайған депутаттардың тізімі шықты
Елбасы: Орыс тілділер үшін кириллица қолданыста қала бермек
Ақмола облысының бұрынғы әкімінің ұлы Алматы қаласының аудан әкімі болды