Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аса қауіпті қылмыскерді ұстағаны үшін екі полицей жұмыстарынан қуылған

 Жамбыл облысына қарасты  ІІД-де тағы шу шықты. Экс-полицейлер өз басшыларының үстінен шағым түсірді. АсифЗейналов және Саят Нұрахметов осы жылдың көктемінде аса қауіпті қылмыскерлерді тұтқындаған. Осыған байланысты жұмыстарынан қуылыпты,-деп жазды 31 арна.

айыпЖарты жылдан бері бұрыңғы басшыларымен соттасып жүрген экес-полицейлер  өз шендерін қайтарып алғысы келеді. Аса  қауіпті қылмыскерді ұстаған кезде «шеніміз өсуі мүмкін» деп дәмеленгендер, жұмыссыз қалатындарын ойламаған да.

9-шы наурыз күні Шымкентте 14 жастағы жасөспірімді өлтіріп кетті. Жасөспірім бір –біріне оқ атқан көршілердің ұрысына кездейсоқ тап болған.

Атысып жатқандар баланы өлтіріп алғаннан кейін оқиға орнынан қашып кеткен. Қылмыскерлерді барлық облыстарда іздеу жұмыстары бірден қолға алынған. Бүгінде жұмыссыз жүрген  бұрыңғы екі полицей сол күні Қордай бекетінде тұрған.

«Келген көлікті тоқтаттық. Номері ОҚО-ға тиесілі екен. Құжаттарын тексеру кезінде екі адамдікі жоқ болып шықты. Басылыққа хабарласып жағдайды айттық. Ол кісі «қазір хабарласамын» деді. Кейіннен ІІД полковник Хусаинов хабарласып оларды бөлімшеге жеткізуді бұйырды»,-дейді экс-полицей Асиф Зейналов.

Кейіннен осы жағдай қос полицейдің жұмыстан кетуіне себеп болыпты. Аудандық полиция бөлімшесіне барар жолда күдіктілер көлікті басқа жаққа бұрып қашып кеткен. Оларды түні бойы іздеу шаралары жүргізілген.

Қосымша күш жұмылдырылған Таңға жақын Зейналов пен Нұрахметов өз күштерімен қылмыскерлердің басшысын ұстап алған. Ерліктері үшін  марапатталамыз деп ойлаған жігіттерді кеденді қараусыз қалдырғандары үшін жұмыстан қуып жіберген.

«Әрине өте көңіл түсіретін жайт. Оларды Шымкенттен кележатқан жерінен ұстап алдық. Олар біздің бекеттен өтіп кеткенде Бішкекке қарай одан да асып кетулері мүмкін еді»,-дейді экс-полицей Саят Нұрахметов.

Бірақ бұл болжамдар қос полицейдің ісін жеңілдете қойған жоқ.

Жамбыл облыстық ІІД-де бұл туралы қазір ешкім пікір білдіруге асығар емес. Себебі ондағылар басқа шудың мәселесін қарап жатыр.

Өткен бейсенбіде Жамбыл облыстық ІІД-де  бірнеше департамент басқармасы басшылары ішімдік ішіп, төбелесіп пышақтасқан. Олардың бірі экстремизіммен күрес басқармасының басшысы Мұрат Үмбетәлиев әлі іздеуде жүр.

Жұмысынан қуылған екі азамат енді ІІ министрлігіне шағым жазбақшы. Себебі сот арқылы жұмыстарын қайтара алмаған экс-полицейлердің басқа амалы да қалмаған.

Оқи отырыңыз:

Адамға өзгенің қанын құйса, сол адамның мінезі, жүрісіне дейін берілетіні рас па?

Оңтүстікте бір ауыл халқы жаппай ауруға шалдығып жатыр

Қызылордалық қожа «қарадан» алған келінімен бір дастарханнан шай ішпейді

Дәурен Айдарқұлов алғаш рет отбасылық суретін жариялады

 

 

Талқылау