Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таза әрлеудегі пәтерлердің әлемдік стандарты жақында Қазақстанда пайда болмақ

Қазақстанның ірі құрылыс компанияларының бірі RAMS Qazaqstan жуынатын бөлмесі мен ас үйі жабдықталған таза әрлеудегі жаңа пәтерлер форматын  ұсынады. Бірегей нақыш пен заманауи дизайн үйлесім тапқан жаңа тұрғын үйлер жайлы құрылыс компаниясының өкілдері айтып берді. 

Жаңа пәтер дегенде баршамыз құрылысы аяқталмаған үйлерді көз алдымызға елестетеміз. Дегенмен бүгінде Rams Qazaqstan бұл стереотипті бұзып, жаңа үлгідегі тұрғын үй кешенін қолданысқа енгізбек. Сөз болып отырған дүние –  таза әрлеудегі ас үйі мен жуынатын бөлмесі толығымен жабдықталған пәтерлер. Мұндай кешеннен баспаналы болған тұрғын енді жөндеу жұмыстары жайлы ойланып бас ауыртпайды:  оның тек жаңа үйге дүние-мүлкін әкеліп, көшіп келу жеткілікті. 

“Әр адам жаңа баспана іздегенде төрт керегесі бар қорап емес, өзіне және жақындарына жайлы болатын шаңырақ іздейді. Сондықтан біз бағасы мен тұрмыстық жағдайы үйлескен, әрбір қазақстандықтың көңілінен шығатын тұрғын үй кешенін салуды жөн көрдік. Бұл тұрғыда таза әрлеудегі пәтерге қол жеткізген бір бөлек, ал құрылысы бітпеген үйге ие болу басқа көңіл күй сыйлайтыны айтпасақ та түсінікті. Осыны ескере отырып, RAMS Qazaqstan таза әрлеудегі әрі ас үйі мен жуынатын бөлмесі жабдықталған пәтерлерді ұсынады. Енді ұйымның қолданысқа енгізетін барлық жобалары бойынша осы формат 2022 жылдың екінші жартысынан бастап негізге алынады”, – дейді RAMS Qazaqstan-ның маркетинг және сату жөніндегі директоры Артем Жук. 

Құрылыс компаниясы мұндай форматтағы пәтерлерді салуда Түркия, Сингапур, Ұлыбритания, Германия, Испания мен Чехия елдерінің әдіс-тәсілін қолданған.

“Біз шетел тәжірибесі мен клиенттердің пікірін ескердік. Байқап қарасақ, қазір қазақстандықтардың арасында Түркиядағы жылжымайтын мүлікке сұраныс жоғары. Мұның негізгі себебі ол жақта үйлер таза әрлеумен сатылады. Көп мемлекеттерде бұл - қалыпты құбылыс. Сондықтан біз осы форматты қазақстандық нарыққа енгізбекпіз. Енді отандастарымыз жаңа үйге киім-кешегі мен заттарын әкеп қоныстана береді. Ал әрі қарай пәтерді өз қалауы мен талғамы бойынша жиһазбен жабдықтап алады”, – дейді Артем Жук. 

Бұл тұрғыда ұйымның басты мақсаты жоғары сапалы пәтерді тиімді бағада ұсыну болды, дейді RAMS Qazaqstan сәулет департаментінің директоры Метин Асутай. 

“Қазірдің өзінде біз Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығына еуропалық және америкалық стандарттарды енгізіп жатырмыз деп айта аламыз. Жаңа тұрғын үй құрылысының барысында біздің ұйым бұған дейінгі тәжірибелерді қолдана отырып, бағасы, сапасы, ыңғайлығы мен стилі үйлескен таза әрлеудегі пәтерлердің бірегей  форматын құрастырды. Одан бөлек бөлмелердің төбесінің биіктігі, заманауи трендтер ескерілген дизайн әрбір тұрғынның көңілінен шығары анық. Осындай өнімді қазақстандықтарға ұсынуға біз шын жүректен қуаныштымыз”, – дейді ол. 

Осы орайда RAMS Qazaqstan таза әрлеудегі пәтерлердің жаңа форматын салуда үш негізгі принципті негізге алған:

Жайлы орта. Құрылыс, жөндеу жұмыстарына байланысты дыбыстар жаңа пәтерге қоныстанған тұрғынға кедергі болмайды. Себебі тұрғын үй кешенінде тек таза әрлеудегі пәтерлер қолданысқа беріледі. 

Бірегей дизайн. Әрбір пәтер заманауи стиль мен стандарттарға сай әрленген. 

Тиімділік. Жаңа үйге қоныстанушы жөндеу жұмыстарына шығындалып, уақыт құртпай-ақ қойса да болады. Жайлы пәтерге қоныстанып, ыңғайлықта өмір сүре бере алады. 

Бірегей форматтағы таза әрлеудегі пәтерлер 23 шілдеден бастап алматылықтар үшін қолжетімді. Төле би мен Шығыс айналма жолының қиылысына жақын жерден орын тепкен Rams Garden тұрғын үй кешенінде жоғарыда айтылған дүниелердің барлығы ескерілген. Нысан жайлы толығырақ мына сілтеме бойынша оқуға болады. 

Айта кетсек, 1997 жылы негізі қаланған Rams Qazaqstan бүгінде еліміздегі ең ірі құрылыс компанияларының біріне айналып үлгерген. Инновациялық тәсілдерді қолдана отырып ұйым 55 жобаны жүзеге асырған. Қазіргі таңда Rams Qazaqstan тұрғызған тұрғын үй кешендерінде 20 мыңнан астам отбасы тұрып жатыр. 

Талқылау