Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Арзанның сорпасы татымайды": Роза Әлқожа ақылы мектептердің жай-күйін айтып берді

Танымал әнші Роза Әлқожа жаңа оқу жылына байланысты өз ойын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/roza_alqozha/

Өнер иесінің айтуынша, биыл қолы босамай, мектепке баратын балаларын келіні дайындаған. 

“Мектепке дайындалып жатырсыздар ма?! Биыл мектеп формасын алуға, студенттерді шығарып салуға дым қолым тимеді. Келін алғаным да дұрыс болған екен. Былтыр бір мектепке ІТ мамандығы бар болғасын әрі бізге тегін болғаны үшін балаларды ауыстырып едік, “арзанның сорпасы татымайды” боп қалдық. Бір бала адаптациядан өте алмай, өзін таппай қалды. Біреуінің сабағы нашарлап, бір жылда үш сынып жетекшісі ауысты ғой. Сосын қызымды қайта баяғы мектебіне ауыстырдым. Ақылы мектептер жарнамасын жасатып алған соң, бағасы миллион теңге деп шығады екен. Ең бастысы баламыздың санасы, сауаты дұрыс болсын!”, – деп жазды әнші. 



Еске салайық, балаларын киіндіруге 500 мың теңге жұмсаған астаналық әйел оқу-құралдарының бағасына таңғалғанын жазған едік. 

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандықтар балаларды мектепке дайындау үшін қанша қаржы жұмсағанын айтқан еді. 

Одан кейін, Қазақстанда оқушылардың мектеп формасына қатысты петиция жарияланған еді. Ұсыныста оқушы қыздардың белдемшелерінің ұзындығына тізеден төмен болуы және сыртқы киімдерінің мойын сызығын жауып тұруы керек екені айтылған. 

Петиция авторы елімізде міндетті мектеп формасын сақтау мәселелері үнемі талқыланып жатқанын, "мемлекеттің зайырлы негіздерін, Қазақстандағы ұлттық бірегейлікті, конфессияаралық және ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында" кейбір ережелерді қайта қарау қажет екенін айтқан. 

 

Талқылау