Арзан ипотека: Аз төлеп, баспана алу үшін не істеу қажет
Енді несиеге баспана алу әлдеқайда қолжетімді бола түспек. Қазақстандық ипотекалық компания жаңа мемлекеттік бағдарламаның басталғаны туралы жариялады. Бұл туралы КТК хабарлайды.
Фото: forbes.kz
Енді клиенттер үшін ипотека мөлшері 10 пайыз жылдық мөлшерге дейін төмендейді.
Енді “Қазақстандық ипотекалық компания” ипотекалық несиелеуге субсидия бөлмек. Бұл дегеніңіз – кімде-кім үй алсам деп банкте ақша сақтап отырса, қызмет көрсетілгені үшін төленетін қаптаған пайыздан құтыла алады. “Нұрлы жер” бағдарламасының қатысушылары үшін мөлгер екі есеге дейін арзандап, 10 пайызға теңеседі.
Әрине, европалықтарша 3-4 пайызды армандауға әлі ерте. Өтемақының қалған бөлігін мемлекет өзіне алады. Бұл үшін бюджеттен жыл сайын 10 миллиард теңге қарастырылмақ. Яғни, банктер ештеңе жоғалтпайды. Керісінше, ипотекалық қарыздарды беруді қайта жаңғырта алады. Жыл сайын 8 мың адам арзан несие рәсімдеуге үміткер атанбақ.
Мұндай ипотеканы алу үшін біріншіден, “Нұрлы жер” бағларламасына қосылған банктерді табу қажет. Қазірде олардың саны – 7. Және оларда несие алу жылдам.
Астана мен Алматыда қарыз берілу сомасы 20 миллион теңгеден, ал өңірлерде 15 миллионнан аспауы тиіс. Банкке баспана құнынан 30 пайызды бірден төлеу керек. Тек осы жағдайда төменгі мөлшерлемемен ипотека алу мүмкіндігі пайда болады.
Оқи отырыңыз:
Зейнетақы қорының тағы 40 миллиард теңгесі желге ұшуы мүмкін
Ақышев Әзірбайжан банкіне аударылған ақшаны қайтарудың оңай болмайтынын мойындады
Ауыл шаруашылығы министрлігі еттің қымбаттағанына қуанып жатыр