Аружан Жазылбекова желі оқырмандарын жаңа образымен еліктірді
Актрисаның бүгінгі жарияланымы желі оқырмандарын қызықтыра түсті. Аружан Жазылбекова іші жартылай ашық күйде түскен суретін жариялады.
Желі оқырмандары Аружанның мінсіз дене сымбатына ғашық болды. Аружанды «Қазақстан кинематографиясындағы ең сұлу ару» деген атқа лайық көргендер де баршылық. Аружанның бұл суретін ерсі деп тапқан желі оқырмандары да үнсіз қалмады.
Айта кетейік, актриса Аружан Жазылбекова кино әлеміне 2010 жылы қадам басты. Оған дейін Аружан түрлі орындарда модель, журнал редакторы, PR-менеджер болып жұмыс істеген. Алғаш рет Жазылбекова режиссер Тоқтар Қарсақбаевтың «Махаббат әткеншегі» фильміне түсті. Одан кейін «Әсел мен оның құрбылары» телехикаясы, «Астана, жүрегім менің», «Оралу» т.б. кинофильмдерге түскен актрисаның танымалдылығы арта түсті. Нұртас Адамбайдың «Ауылдан қашу: Махаббат операциясы» фильмі Аружанға табыс пен танымалдылық алып келсе, жуырда ғана жарық көрген Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» фильмі Жазылбекованы шарықтата түсті.
Жіберіп алмаңыз:
Әнші Ердос Қанаев тігінші жұбайының бірде-бір сахналық киім тігіп бермегенін айтты
Ата-анасы Мейрамбек Беспаевқа қыздарын бермей қойған
Әнші Жазира шашы ұзын қыздар арасында байқау ұйымдастырды (фото)
Шаш үлгісін өзгерткен Әсел Сағатованы желі оқырманы Уитни Хьюстонға ұқсатты