Аружан Жазылбекова қытай киносына түсіп жатыр
Аружан Жазылбекова халықаралық жобаға қатысуда. Актрисаның айтуынша, бұл оның алғашқы әлемдік тәжірибесі.
Бұл туралы НТК арнасының «Ревю» бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Аружан қазіргі уақытта қытайлық композитор Си Синхай жайлы таспаланып жатқан тарихи фильмнен рөл бұйырғанын жеткізді. Қытайлық өнерпаз жайлы болғанымен, кинокартина Алматыда түсіріліп жатқан көрінеді.
«Соғыс жылдары ол кездейсоқ Алматыға, қазақстандық қайраткер, дирижер Бақытжан Байқадамовтың отбасына тап болады. Ол біраз уақыт біздің елімізде өмір сүріп, шығармашылықпен айналысқан. Мен Си Синхай үйінде тұрған Бақытжан Байқадамовтың әпкесін ойнаймын», – дейді Аружан.
Түсірілім тобы Алматыдан кейін Мәскеуге, артынша Қытайға аттанбақ. Ал кинопрокатқа келер жылдың шілде айында шығады.
«Бұл фильмді 600 миллион көрермен тамашалайды. Режиссермен ымдасып түсінісеміз, себебі ол ағылшынша да, орысша да білмейді, ал мен қытайша түсінбеймін. Өкінішке қарай, қытайлық продюсерлердің саясатына сәйкес, барлығы құпияда қалады. Біз, тіпті, әлеуметтік желіге сурет жүктей алмаймыз», – деп бөлісті Жазылбекова.
Жіберіп алмаңыз:
Психоаналитик: Бір кездері Сталин мен Гитлер де Димаш сияқты танылған еді
Ділназ Ахмадиева АҚШ-та танымал әншілер шоуына қатысуда
Гүлназ Жоланова әріптесімен қарым-қатынасы жайлы бар шындықты айтты
Әли Оқапов пәтеріне ескертусіз келе беретін анасына ренжіп жүр