Аружан Саин: Шешініп әдемі билеудің өзі үлкен өнер
“ДОМ” қайырымдылық қорының басшысы, белгілі қоғам қайраткері Аружан Сайын Алматыдағы түнгі клубтардың бірінде болған оқиғаға орай өз пікірін білдірді.
“Конкурсқа қатысқан қыздарды аяймын, өйткені видео тарап кетті, оны бәрі көрді. Әрі музыка ырғағымен билеу деген бар, ол стриптиз болса да, би болып есептеледі. Егер ол шеберлікпен жасалса, осынша ұят болмас еді. Негізі, әдемі шешіну – бұл өнер, әрине, оны сынайды, дегенмен адамдар көп сынамайтындай етіп жасауға болады”, — деп жазған Аружан Сайын әлеуметтік желідегі парақшасында.
Оның айтуынша, “Мулен Руж”,”Лидо” және Crazy Horse кабарелерінде жұмыс істейтін бишілерге көп ақша төлейді. Осыған орай жазба авторы қыздарға “егер шешінгілерің келсе, тым болмаса бұл әдемі болу үшін билеп үйреніңіздер” деген кеңес береді.
Оқи отырыңыз:
Ерлан Қарин көпшіліктің наразылығын тудырған «Қозы мен Баян» телехикаясына қатысты дауға жауап берді
Тұрсынғали Алагөзов жартылай жалаңаш Баян Мақсатқызын періштеге теңеді (видео)
Баян Мақсатқызы: Мен адамдардан мейірім, махаббат пен түсіністікті күтпеймін