Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анасы бәрінен қорқып қалған, ешкімге сенбейді: Аружан Саин ОҚО-дағы балаға қатысты соңғы жаңалықтарды айтты

Аружан Саин 7 жасар баланың оқиғасына қатысты жаңалықтармен бөлісті.

Бұл туралы Аружан Саин желідегі парақшасында жазды.

16 наурыз күні анасы баласын Асыл Бала орталығынан алып, уақытша Аналар үйінде болуды жөн көрді.

Баланың анасы мемлекеттік қорғаудан бас тартқан жоқ.

17 наурыз күні анасы баласымен, ресми өкілімен бірге ҚР Бас прокуратурасында болды.

17 наурызда мемлекеттік қорғаудағы – ОҚО-дағы полицейлерің орнын Астана ппоицейлері ауыстырды.

19 наурызда тергеу жалағасады.

16 наурыз күні баланың тәтесі мен әжесі баланың анасымен және баламен бірге барған жоқ. Біз олардың бәрі бірге шықты деп сенімді болған едік.

17 наурызда әжесін Астанада тұратын туысы алып кетті. Анасының айтуынша, туысы әжейден баланың ойыншықтарының бәрін сонда қалдыруды сұраған. Сол сәттен бастап әжесі мен тәтесі телефонмен байланыста болды.

18 наурызда әжесі мен тетесін пакетін қалдырып кеткені үшін Асыл Бала орталығына қайта келуді сұрады. Олар ағасымен келді. Бірақ ағасын кіргізген жоқ. Әжесі мен тәтесінің телефоны өшіп тұрды. Бір жарым сағат күтіп әбден жаурағандықтан ағасы баланың анасына хабарласты.

Баланың анасы әжеймен хабарласа алмағандықтан адвокатқа хабарласып көмек сұрады.

Бауыржан Азанов Бас прокуратурамен хабарласты.

Отбасы мүшелерінің байланысқа шықпауы шуға айналып кетті. Ақырында анасы мен тәтесінің орталықта шай ішкені белгілі болды. Бірақ ағасын неге кіргізбегені белгісіз.

Әжесі тәтесі екеуі орталықтан пакетпен шығып, баланың анасымен де татуласты. Әжейдің телефоны қазір қосулы.

Қазір бас прокуратура, адвокат, ана мен баланың ресми өкілі барлық тергеудің жүруін қадағалап отыр.

Бүгін баланың туыстары мен оған көмектескендердің қауіпсіздігін қорғау үшін арыз беріледі.

Бас прокуратура ОҚО-ның білім басқармасы, ІІД, прокуратура қызметкерлеріне қатысты лауазымын асыра пайдалану, қылмысты жасыру баптары бойынша тексеру жүреді.

Баланың анасы қатты қорыққандықтан өз өкілінен басқа ешкімге сенбейді. Ол баласына сыйға берілген планшетті бермей, басқасын сатып алып бермек болды. Оған жаңасы сатып алынды.

Анасы баланы бейтаныс жандармен сөйлестіруге қарсы. Оны блогерлер мен қоғам қайраткерлеріне де көрсетппейді.

Баланың анасының Астанаға келуі үшін көпшілік тарапынан билет алып берем деушілер көп болды.

Абай ауылындағы барлық шаралар мен күзетке Рахымбаев Айдын жауап береді.

Бала мен анасына психолог Гүлзат Ассанова көмек көрсетуде.

Біз бұл отбасыға көмектеспек болғанда, істің осынша насырға шабатынын білген жоқпыз. Бұған қатысты ақпарат айдынында жалған мәліметер көп жазылды.

Бұған жол бермеуге болатын еді.

Көмек көрсетіп жатқан барша жандарға рахмет айтамыз.

Айта кетейік, бұған дейін ОҚО-да мектеп оқушыларына 7 жасар оқушыны зорлады деп айып тағылған болатын. Кейіннен 1-сынып оқушысыныңзорланбағаны анықталды. Жәбір көрдім деген баланың өзі оқиғаның қалай болғанын айтып берді. 

Жіберіп алмаңыз: 

Қазақстан ММА федерациясының президенті Анатолий Ким Зағипа Балиевадан кешірім сұрады (видео)

Айына 2 мың доллар табамын: Қазақстандық жігіт Кореядағы жұмыс туралы айтып берді

Қостанайда жарымжан әйелдің отбасы 10 жылдан бері тар бөлмеде тұрып жатыр

Талқылау