"Аруақ қолдасын" деген сөзді қолданбау керек": Бас мүфти бата беруге қатысты бірнеше ескертпе айтты
Қазақстанда алғаш рет бата беруден байқау өтті. Жарысқа еліміздің әр аймағынан келген 20 ақсақал қатысқан. Басты талап – батаның мәні және оқып жатқан кезде кідіріп қалмау. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Еуразия бірінші арнасына" сілтеме жасап хабарлайды.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бата бергенде "Аруақ қолдасын, аруақ жебесін" деген сөзді қолданбау керегін айтады. Әрі бата "Фатиха" сүресімен басталуы қажет дейді
"Аллаға серік қоспау, Аллаға сыйыну, Алладан сұрау – негізгі шарттардың бірі. Мұсылман халқы болғандықтан тілегімізді бір Аллаға сыйынып, бата береміз. Кәрі мұсылман, тақуа жандардың тілегі қабыл болады. Бата сөзінің ғылыми негізі "Фатиха" деген сөзден шыққан. "Фатиха" сүресі Құранның алғашқы сүресі екенін білеміз", – дейді бас мүфти.
Сайыста төреші болған Серік Негимов бұл байқаудың ақсақалдарға бата жаттатқызудың тиімді жолына айналғанын мәлімдеді.
"Батада табиғатты, жаратылысты сақтау, экология, адамгершілік барлығы қосылады", – деді Серік Негимов.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген