Артур Төлепов кезекті бейнебаянын Америкада түсірді (фото)
Елімізге танымал актер, жүргізуші әрі әнші Артур Төлепов кезекті бейнебаянын Калифорния штаты Лос-Анджелес қаласында түсіріп қайтты.
Фото: instagram.com/arturtolepov/?hl=ru
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Халыққа “Жау жүрек мың бала” фильмі арқылы танылған Артур Төлепов өзін әншілік қырынан танытып жүрген-ді. Өткен жылы тыңдармандарына “Бір сен деп” атты әнін тарту етіп қана қоймай, аталған әнге бейнебаян түсірген болатын. Актер әрі әнші кезекті бейнебаянын Лос-Анджелес қаласында түсіріп қайтты.
Аталған бейнебаянның режиссері – Алексей Воробьев. Ал, бейнебаяндағы рөл әншінің өнер мен өнердегі достарына бұйырды.
“Бұл мен үшін үлкен тәжірибе болды. Түсірілім жұмыстарына қатысқан барша ұжымға кәсібиліктері үшін алғысым шексіз. Менің оқиғамның басты кейіпкері – Дина Тасбұлатова. Ал, жұмысымыздың жемісін жақын күндердің бірінде көретін боласыздар”, – дейді Артур Төлепов.
Естеріңізге сала кетсек, әншінің туған інісі Асылхан Төлеповты жақтап сөйлегені туралы хабарлаған болатынбыз.