Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Artsport бағдарламасы жалғаса береді – Мәдениет және спорт министрлігі

Мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитеті Artsport бағдарламасының жабылатыны туралы хабарламалар шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Ақпараттық кеңістікте Artsport бағдарламасының жабылатыны туралы тарап жатқан хабарламалар шындыққа жанаспайды. Жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесі арқылы балаларды спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелермен қамту жұмысы жалғаса береді", - делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, қазір уәкілетті орган бағдарламаның жұмыс істеу қағидаларына өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Атап айтқанда, балаларды барынша кең қамтуға бағытталған, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ алаяқтық схемалардың жолын кесуге және алдын алуға бағытталған талаптар енгізілуде.

Сонымен қатар бірқатар өңір әкімдігі бағдарлама аясында қызмет ұсынған кәсіпкерлер алдындағы берешекті өтеу үшін қажетті қаражат іздестіріп жатыр.

Талқылау